№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Су жүйесіне қоғамдық бақылау қажырамауы тиіс

Су жүйесіне қоғамдық бақылау қажырамауы тиіс


Естеріңізде болар, төл басылымның №21 (8142) нөмірінде «4-кезең: соңғы үміттің сәулесі» атты мақала жарияланды. Одан кейін №52 (8173) нөмірде «4-кезең: бар үміт сенде» тақырыбымен су мәселесі көтерілді. Екі мақаланың да өзегінде Жаңақорған кентін суландыру үшін бұдан кейін мұншама қаржы қайта бөлінбейтіні, сондықтан суландыру жүйесін сапалы жүргізуде жергілікті билік бақылауды күшейтсе екен деген ұсыныс тастады. Арада айлар өтті. Сондықтан, қаламды қайта ұстап, жауапты мекемелердің есігін қайта қақтық.
Жаңақорған кентінің сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту және кеңейту үшін мемлекеттік бюджеттен жалпы сметалық құны 3 914,42 млн. теңгені құрайтын жоба жасалып, келісім шарт бойынша қаржысы 3 894,85 млн. теңгеге бас мердігер болып «Темір-Строй Сервис и Ко» ЖШС-гі бекітілген.
– Жоба бойынша 2017 жылы бөлінген 905,41 млн. теңгенің 599,26 млн. теңгесі игерілді. Оның ішінде, жобада қаралған 193,30 шақырым су құбырының 44,25 шақырымына ішкі су құбырлары жүргізіліп, 591 дана су құдығы орнатылды. Ал, қалған қаражат 2018 жылы игерілді, – деді ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы Баянбай Доспанбетов.
Оның сөзінше, 2018 жылы бөлінген 1 393,93 млн. теңге мен 2017 жылы игерілмей қалған 306,15 млн. теңге биылғы жылы толық игеріледі. Құрылыс басталғаннан бүгінгі күнге дейін 2 248,333 млн. теңге игеріліп, 156,4 шақырым ішкі су құбырлары жүргізіліп, 2120 дана су құдығы орнатылды.
– Қазіргі уақытта «Құмсахаба» су құбыры құрылысының алаңында 2 дана резервуардың құрылысы, сорғы станциясының қоршауын салу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, су құбырларының құрылысы 2019 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланған, – деді бөлім маманы.
Айта кететіні, кенттегі көшелердің бойы қазылып, су құбырлары құрылысы жүріп жатқандықтан, көше тарылып, көлік қатынасының қимылына біршама қиындық туғызған еді. Бұл мәселе де уақыт өте өз шешімін таба бастады. Алайда, кейбір көшелердегі су құдықтары асфальттан биік орналасқандықтан жол қозғалысына айтарлықтай кедергі келтіріп жатқанын ескермеске болмас.
– Бүгінде Б.Майлин, С.Сапарбеков, А.Құнанбаев, С.Қожанов, Т.Бегилдинов, Пақырдинов, Құрманғазы, Сығанақ, Түршекұлы көшелеріне су құбырын жүргізу жұмыстары аяқталып, көшелердегі қазылған жерлер қайта қалпына келтірілді. Құдықтардың беті жабылып, жобаға сәйкес асфальтпен бірдей болып тегістелді. Қазір Қорасан ата көшесінде жұмыстар атқарылуда. Ол қазан айының аяғына дейін аяқталады, – деді «Темір-Строй Сервис и Ко» ЖШС-нің учаскі басшысы Нұрсұлтан Андиров.
Ресми органдардың мәліметінше, бәрі жақсы. Жұмыс жоспарға сай жүргізілуде. Бірақ, тұрғындар мұнымен келісе бермейді. Кеше youtube.com әлеуметтік желісінде Асылхан Абдуллаев есімді азамат Қорасан ата көшесінде жүргізіліп жатқан жұмыстарға көңілі толмайтынын жеткізді. Ол 2008-2009 жылы жүргізілген құбыр жүйесінен су алмағанын және 4 млрд. теңге жұмсалатын құбыр жүйесі де сондай нәтижесіз болмаса деген ниет білдірді.
Ал, С.Сапарбеков көшесінің тұрғыны Мейрамкүл Бердібекова судың келеріне үмітті, әрі жергілікті билікке сенеді:
– Көшеге жаңадан су құбыры орнатылып бітті. Жұмысшылар құдықтардың бетін жауып, жолды қайта тегістеп кетті. Енді осы су құбыры тезірек іске қосылса, – дейді ол.
Иә, бүгінде ауданның әр көшесінде тынымсыз жүргізіліп жатқан су құбыры жұмысының құрылысына кент тұрғындары куә. Алайда, ауыз судан көп таршылық көрген тұрғындардың алаңдауы басым. Көбісінің көкейінде жаңадан салынған ауыз су құбырынан қашан су ішеміз деген сауал сайрап тұр. Бұл да уақыттың еншісіндегі шаруа екені белгілі. Десе де, маманның өз аузынан естігенді жөн көрдік.
– Жалпы, кентке ауыз су «Жиделі» топтық су құбырынан келеді. Кенттегі бірінші су жинау орнында 1000 куб метрден 2 резервуар бар. Ал, «Құмсахабада» да 1000 метр кубтан су жинайтын екі резервуар бар. Қазіргі уақытта «Құмсахабадан» 1000 метр кубтан тағы да екі резервуар құрылысы жүрып жатыр. Осы уақытқа дейін кентке 4000 метр куб су жіберетін болсақ, алдағы уақытта 6000 метр куб су айдайтын боламыз. Су құбырларының құрылысы бітісімен кент халқы 24 сағат бойы ағатын ауыз сумен толықтай қамтылатын болады, – деді «Қазсушар» РМК-ның «Арал» СЖКБД филиалының Жаңақорған өндірістік бөлімінің басшысы Ғани Шерниязов.
Оның айтуынша, су құбыры жұмысы аяқталған соң кенттің барлық көшесіне ауыз су жеткілікті болады. Ал, бүгінгі таңда тұрғындардың 24 сағаттық ауыз сумен қамтылмауының басты себебі – су құбырларының жарамсыздығы. Яғни, ескірген құбырлар шамадан тыс айдалған судың қысымына шыдас бермей, жарылып кетеді екен.

Түйін. Біздікі жергілікті биліктің ісінен ілік іздеп, сынау емес. Қоғам болып су жүйесін сапалы жүргізілуін бақыласақ дейміз. Әрине, атқарушы билікке бәрін ысыра салу оңай. Бірақ, суды тұтынатын өзіміз. Сондықтан, әшейінде топтың алдында жүретінақсақалдар мен қарасақалдарды алдымызға салып, бақылауды күшейтейік, ағайын!..

Айсұлу АЛДАНАЗАР.
29 қыркүйек 2018 ж. 1 242 2

Гость Jeahulalf от 20 ақпан 2019 05:37
Priligy Comprimes generic viagra Propecia Success Story

Гость Jeahulalf от 10 наурыз 2019 23:07
Viagra Without Prescriptions Usa Buy Female Viagra Online Uk http://kamagorder.com Amoxicillin Gonorrhea Single Dose Order Now Generic Fedex Shipping Levaquin Discount Amex Accepted