Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Мерекелік шара мазмұнды өтті

Мерекелік шара мазмұнды өтті


Биыл Әз-Наурызды «Арал Қазсушар СЖКБД филиалы Жиделі топтық су пайдаланушы Жаңақорған өндірістік бөлімшесі» ерекше атап өтті. Мерекелік шараға бөлімшенің қызметкерлерінен өзге, кент тұрғындары қатысты.
Мерекеде кент әкімі Алдаберген Ахметов, сала ардагері Дәрібай Айдарбеков, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Әлібек Сүгірбаев, облыс орталығынан келген филиалдың өкілі Ерлан Ақбаев, шиелілік Төрехан Охап құттықтау лебізін жеткізді.
Мерекелік дастархан басында өндірістік бөлімше басшысы Ғани Шерниязов әріптестеріне алғысын жеткізді. Шараның мазмұнды өтуіне атсалысқан бөлімше механигі Тәңірберген Сыздықовқа және бас есепші Жазира Құрбанәліқызын бөліп-жарып атады.
Айта кететіні, Аққорған ауылында өткен жылы ашылған Сырдария топтық су пайдаланушы дара (локалды) бөлімшесінің басшысы Мейрамбек Қабетеновтің ұйымдастыруымен өткен мерекелік шара мазмұнды өтті.

Ерубай ҚАЛДЫБЕК.
27 наурыз 2018 ж. 1 224 0