№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ғасыр жүгін арқалаған өңір жаршысы

Ғасыр жүгін арқалаған өңір жаршысы



Аймақпен аттас басылым – «Кызылординские вести» газетінің 90 жылдық кезеңін сараласақ, көп дүниені, атап айтқанда, облыстағы баспасөз тарихын, сарғайған парақтарда қатталған тағылымды, бүгінгі медиадағы дәстүр сабақтастығын көз алдыңызға әкеледі. Бұл – Алашқа ана, талайға пана болған қасиетті өңірдің өмір бүлкілімен біте қайнасып жатқан қазыналы шежіре. Осы орайда, өңірлік газеттің шежірелі тоқсан жылдығы аясында облыстық «Кызылординские вести» газетінің бас редакторы Қазыбек Ботаев ағамызбен тілдестік.

– «Кызылординские вести» газетінің бүгінгі таңдағы бағыт-бағдары мен ұйымшыл ұжымның тынысына тоқталсаңыз. Шежірелі 90 жылдық тарихы бар аймақ айнасының бағындырған белесі мен жеткен жетістігі жайлы айта кетсеңіз?

– Тоқсан жылдан бері өзгермей келе жатқан біздің басылымның негізгі бағыт-бағдары – облыстың тыныс-тіршілігін, өңіріміздің жетістіктері мен орын алып жатқан өзгерістерді ақпараттандырып отыру. Ал газетіміздің ең басты мақсатына келер болсақ – ол мемлекетіміздің ақпараттық саясатын жүзеге асыруға белсенді атсалысу. Тарихқа көз жүгіртсек, облыстық «Сыр бойы» мен «Кызылординские вести» газеттері алғашқы номерлерінің жарыққа шығуы Қызылорда облысының құрылуымен тұспа тұс келген екен. Сол кезден бастап-ақ газет өңіріміздің қалыптасуы мен әлеуметтік-экономикалық даму шежіресін ақпараттандырып келді.
Осы жылдар ішінде басылым та­лант­ты жастарды түлеткен ұстахана болды десек қате болмайды. Біздің газеттің мектебінен шыққан талай жас таланттар кейін облыс, республика және шетел мойындаған қарымды қаламгерлерге айналды. 1930 жылдың 1 қаңтарында алғашқы рет жарық көрген «Кызылординские вести» газеті уақыт өте аймақтың айнасына айналды. Сол кезден бастап-ақ газет үнемі облыста орын алып жатқан жаңалықтардан жергілікті халықты хабардар етіп отырды. Бүгінгі таңда басылым облысымыздағы мемлекеттік бағдарламаларды, мемле­кеттің ақпараттық саясатын бірден бір насисхаттаушы болып табылады.

– Тоқсан жыл бойы халық пен билік арасында алтын көпір болған аға басылымның байырғы һәм бүгінгі таңдағы, жалпы қазақ журналистикасындағы сөз еркіндігіне көңіліңіз тола ма?

Жоғарыда айтқанымдай алғашқы күндерден бастап бүгінге дейін газет өңірімізде орын алып жатқан өзгерістерді ақпараттандырып, насихаттап келеді. Әрине, облыстың аға басылымы ретінде халық пен билік арасындағы алтын көпір болу – «Кызылординские вестидің» басқы мақсаты деп білемін. Осы тұста газетіміз көптеген шаруалар атқарды, атқарып та келеді. Өйткені газетіміздің әу бастан қалыптасқан негізгі ұстанымдарының бірі – халыққа жақын болып, оның мүддесі мен мұң-мұқтажын билікке жеткізу.
Қазақ журналистикасы осы кезге дейін көптеген шыңдарды бағындырып, бүгінде әлем журналистикасында өз орнын ойып тұрып алып отыр. Қаншама қазақ әдебиетінің саңлақтары шығармашылық жолын журналистикадан бастағаны белгілі. Бүгінде облыс журналистикасы да қарқынды дамып келеді, дер едім. Ардагер ағаларымыз, майталман қаламгерлер, орта буын әріптестеріміз бүгінде жас журналисттерді тәрбиелеп, бағыт беріп отыр. Күні кеше Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев мырзамен кездескенімізде ол ағамыз журналистикадағы еркіндік турасында сөз қозғады. Шынымен де, сөз еркіндігі деп жүріп ойға келгенді жаза беру де дұрыс емес. Ең бастысы – берген ақпаратың мен жазған мақалаң объективті болуы керек.

– Өзіңізге белгілі, бүгінде ақпараттық салаға интернет-журналистика толқыны келді. Қоғам үшін интернет, әлеуметтік желі – жедел ақпарат тарату ресурсына айналды. Осындай жаңа медиа дамыған дәуірде журналистерге қойылар талап қандай?

– Интернет-журналистиканың басты ерекшелігі оның жеделдігінде. Оның ұтымды жері – болып жатқан оқиғалар мен түрлі шараларды дер кезінде әлеуметтік желілерде ақпараттандыру мүмкіндігі. Алайда бұл сала өте мұқият болуды талап етеді, өйткені тексерілмей берілген ақпараттың артында бір адамның немесе ұжымның тағдыры тұруы мүмкін. Сондықтан да ең басты талап – қандай ақпарат болмасын, біріншіден, қайта-қайта тексеріп алған жөн, екіншіден, оны ешқандай бұрмалауға болмайды. Осы талаптарды әсіресе жас журналистер құлағына құйып алғаны абзал.
– Соңғы сауал. Сіздің газет өндірісіне ендірген жаңалығыңыз қайсы? Алдағы жоспарыңызбен бөліссеңіз?
– Бас редактор болғаныма Құдай қаласа, екі айдың жүзі енді болады. Сондықтан да өзгерістер енгізуге ертерек секілді – алдымен өзім үйренетін дүниелер жеткілікті. Ұжымды, әсіресе шығармашылық ұжымды басқару оңай шаруа емес. Жоспарларым бар, әрине. Ең бастысы, кезінде оқырмандарды қызықтырып отырған айдарларды қайта жаңғыртып, газет беттерінде жұртты баурап алатын түрлі ақпараттар мен мақалалар беріп отыру. Ол үшін қызметкерлер жиі іс-сапарларға шығып тұрғаны дұрыс, деп есептеймін. Тек жер-жерлерге барып, халықпен етене араласқан кезде ғана тартымды материал шығады, өз кезегінде ондай практика журналистің өсуіне де септігін тигізетіні анық.
– Сұхбатыңызға рақмет!

Самат ОҢҒАРҰЛЫ

30 қараша 2019 ж. 578 0