№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Сыр баспасөзінің тойы

Сыр баспасөзінің тойы



Ертең Сыр өңірінің аға басылымдары – "Сыр бойы" мен Кызылординские вести" газетінің 90 жылдығына арналған САЛТАНАТТЫ ШАРАЛАР өтеді.
Қызылорда қаласындағы А.Тоқмағамбетов атындағы облыстық мәдениет үйінде "Заманауи медиа кеңестіктегі аймақтық баспасөздің маңызы мен рөлі" атты ғылыми-тәжірибелік конференциясында облыстық газеттердің өткен жолы, бүгіні турасында және дәстүрлі медиа мен жаңа медианың байланысы, бір-бірінен артықшылығы, әлеуметтік медиа мен 
блогсфера нарығында ақпарат таратудың тиімді жолдары және т.б талқыланады.
Жыл басында басылымның мерейлі тойымен алғашқылардың бірі болып құттықтаған едік. Қаламгер Баян Үсейінова "ТҰҒЫРЛЫ ЕЛДІКТІҢ ТҰМАРЫ" атты мақаласында: "...басылымның басқалардан бәсі басым, ойы озық, деңгейі биік болуы жергөгінде ұлт қайнарының уызына жарып, тамыры тереңге тартқан сырлы шежіренің сарқытын саналарда қайта тірілткен сабақтастықтың нәтижесі. Бұдан жарты ғасыр бұрын жазған «Ұшқан ұям» деп аталатын естелігінде қазақтың көрнекті ғалымы, филология ғылымдарының докторы Әуелбек Қоңыратбаев өзінің алдымен «Еңбекші қазақ» газетінде қызмет атқарып, Смағұл, Сәкен, Бейімбет, Ілияс, Сәбиттермен қояма-қолтық жұмыс атқарып, «нашардың жағы, елдің бағы» бола білуінің кейін «Ленин жолы» газетінде құлашын кеңге сермеп, ой еркіндігіне сенімді қадам басуына тұғырлы негіз қалағандығын жеткізіпті.
Алғаш жарық көрген күннен бастап табиғатынан тәуекелшіл, ертеңге жарқын үміт артқан әлеуметке жақсылықтың жаршысы болудан танбаған төл басылым қызметкерлері үгітшілік те, насихатшылық та, ақпараттық та қызмет атқарып келе жатқаны әмбеге аян", деп облыстық газеттің қоғамдағы орны мен маңызын жазған еді.

"Жаңақорған тынысы" газетінің сенбілік нөмірінде аға басыламдар жөнінде топтамалы мақалалар дайындап жатыр.
27 қараша 2019 ж. 715 0