№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кәсіподақтың 5000 мүшесі бар

Кәсіподақтың 5000 мүшесі бар

Түрлі саладағы қызметкерлерді біріктіретін, өз мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғайтын кәсіподақ ұйымы әлемнің 105 еліне тараған. Қазақстанда қалыптасқанына 95 жыл толды. Осыған орай 10- қазан – Кәсіподақтар күні №125 С.Сапарбеков атындағы мектепте білім қызметкерлері кәсіподағының ХІV конференциясы өтті.
Шарада алғы сөз алған аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимов кәсіподақ ұйымының маңызына тоқталды.
– Мемлекеттің еңбек қатынастарын жетілдіру мәселелерінің негізгі әріптестерінің бірі – кәсіподақтар. Кәсіподақ – қоғам дамуының ажырамас бөлігі. Кәсіподақ – халық қызметшісі. Адамдардың өнімді еңбек етуіне жағдай туғызуда кәсіподақтардың атқарар шаруасы ұшан-теңіз. Білім қызметкерлері кәсіподағы ұстаздарға материалдық тұрғыда ғана емес, рухани-мәдени қолдау көрсетіп, тірек болуда, – деді ауданның бас ұстазы.
Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. Алдымен білім қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитетінің төрағасы Елшібек Сатершинов 2014-2019 жылы аралығында атқарған жұмыстарын баяндады.
– 2014 жылы аудандық кәсіподақ ұйымында 71 бастауыш кәсіподақ ұйымы және оның 5080 мүшесі болды. Бүгінде 79 мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымы құраса, ұйымның мүшесі 5294-ке жетті. Оған 42 мектеп, 29 балабақша, 3 өнер мектебі, тәрбие орталығы, психологиялық түзету орталығы, кешкі мектеп, білім бөлімінің қызметкерлері кіреді. Әлеуметтік әріптестік тұрғыда тараптар еңбекақы төлеу, жұмыспен қамту, жұмыс жасауға жағдай жасау, еңбек қауіпсіздігін сақтау және т.б. қадағалаймыз. Есепті жылдары 820 білім қызметкері мен ардагер жеңілдетілген бағамен шипажайлар мен демалыс орындарына барды. 2015-2019 жылдары ұстаздар мен техникалық қызметкерлерге 1028 адамға 13 030403 теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді. «Жастар жылы» аясында сегіз жас отбасы Нұр-Сұлтан қаласына туристік саяхатқа жібердік, – деді төраға.
Одан кейін аудандық кәсіподақ комитеті тексеру комиссиясының төрағасы Жамбыл Жошиев ұйымдағы соңғы төрт жылда қаржыны жаратылуы тексеру комиссиясы мен облыстық кәсіподақ комитеті тарапынан бақылауда екендігі айтты.
Жиында білім қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитетінің жаңа құрамы, төрағасы және облыстық кәсіподақ конференциясына делегаттары сайланды.
Жиын барысында конференцияға қатысып отырған бірқатар мұғалімдер мен шақырылған қонақтар қатарында №52 мектеп кәсіподақ комитетінің төрағасы Мақсатхан Нысынбай, ауданның «Құрметті азаматы» Серік Мұсабай, «Жаңа толқын» жастар кеңесінің мүшесі Ерсұлтан Мұстапаев ойларын ортаға салып, ұстаз мәртебесі мен әлеуметтік қорғалуында кәсіподақтың атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды. Облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары Гулнар Есқалиева кәсіподақ ұйымы бүгінде заман талабына орай ізденістер үстінде екенін айтып, атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.
Майра ӘБДУӘЛІ
24 қараша 2019 ж. 806 0