№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Шипажай: Көп балалы аналарға 85 мың теңгеден көмек көрсетті

Шипажай: Көп балалы аналарға 85 мың теңгеден көмек көрсетті

Жақында «Жанақорған шипажайы» АҚ-да Кәсіподақтар күні атаулы мерекесіне орай, ұжым жұмысшыларымен жүздесу өткізілді. Алқалы басқосудың алғысөзін алған «Жанақорған шипажайы» АҚ-ның Басқарма төрағасы Бахытжан Абдуллаев атаулы күннің мән-маңызына тоқталды.

– Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің №303 Қаулысымен 10-қазан – Кәсіподақтар күні болып бекітілді. Бұл бағытта біздің ұжымда атқарылып жатқан жұмыс ауқымды. Жалпы, кәсіподақ – жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы алтын көпір іспетті. Әрбір жұмысшының құқығы мен әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз етеді. Осы тұста шипажайда жұмыс жасайтын 220 қызметкердің барлығы кәсіподақ мүшелері. Қазіргі таңда «Жаңақорған шипажайы» АҚ-да кәсіподақ тарапынан 2018-2023 жылдарға арналған ұжымдық шарт жасалынды. Бұл Ұжымдық шарт жұмыс беруші мен қызметкерлер арасында ұйымдағы қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуге бағытталады, – деді Бақытжан Аманкелдіұлы.
Басқосу барысында Бахытжан Абдуллаев кәсіподақ ұйымы тарапынан жасалынып жатқан жаңалықтармен бөлісті. Мәселен, жыл басында Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федера­циясының төрағасының қатысуымен «Жаңақорған шипажайы» АҚ-ның кәсіподақ мүшелерімен жиналыс өткізілген. Нәтижесінде «Жаңақорған шипажайы» АҚ-ның ұжымдық шарттың 3- тармағына, өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Яғни жаңа өзгерісте «Жұмыс беруші қызметкердің әр туылған баласына Қазақстан Республикасының жалақының ең төменгі мөлшері көлемінде қызметкер өтініш пен туу туралы куәлігінің көшірмесін ұсынған жағдайда жұмыс беруші төлеуді жүргізеді» делінген. Міне мұндай көмекті бүгінде шипажайдың 8 қызмкеткері алып үлгерген. Қызметкердің әрбір туылған баласына елдегі жалақының ең төменгі мөлшері көлемінде 42 500 теңгеден әлеуметтік қолдау көрсетілген.
Сондай-ақ 10 қазан Кәсіподақтар күні мерекесінде де шипажай қызметкерлері көмексіз қалмады. Басқарма төрағасы 33 көп балалы анаға 85 мың теңгеден әлеуметтік қаржылай көмек көрсетті. Оның ішінде, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері мен жалғызбасты аналар бар.
– Кәсіподақтың осылай қаржылай көмек көрсетіп жатқаны біздер үшін үлкен қуаныш. Көп балалы ана ретінде мұндай әлеуметтік қолдаудың маңызы зор деп білемін. Шипажай басшылығына айтар алғысым зор, – дейді «Алтын алқа» иегері Г.Маликова.
Алқалы басқосу соңында Басқарма төрағасы Бахытжан Абдуллаев кәсіподақ ұйымының дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген Серік Дауымбаев пен Нұргүл Жұманованы Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының «Алғыс хатымен» марапаттады.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
19 қазан 2019 ж. 820 0