№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

№86 (8797) 29

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Семинар-кеңес: тың міндеттер жүктеді

Семинар-кеңес: тың міндеттер жүктеді


Жаңақорған ауданы білім саласы қызыметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Қазіргі қоғамда кәсіподақ ұйымын тиімді басқару» тақырыбында семинар-кеңес өтті.Семинар – кеңесте облыстық білім саласы қызметкерлері кәсіподағы төрайымының орынбасары Гүлнар Есқалиева модераторлық етті. Шараға облыстық білім саласы қызметкерлері кәсіподағының заңгерлері Нұргүл Өтегенова мен Ербол Жүнісұлы қатысты.
Семинар-кеңесте Гүлнар Ес­қа­ли­е­ва жа­ңа­­дан болған бас­тауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларына негізгі құжаттардың мазмұны мен ұйымның құрылымын таныстырды. Сондай-ақ, «бас­тауыш кәсіподақ ұйымының жұмысын ұйымдастыруды неден бастау керек, қалай тиімді өрбітуге болады, кәсіподақ беделін қалай арттыруға болады» деген сұрақтар төңірегінде сөз қозғады. Ұтымды пікірлер айтылып, кәсіподақ жұмысының жаңа түрлері мен әдістеріне тоқталып, ақпараттық технологияға кеңінен тоқталды.
Заңгер Нұргүл Өтегенова бастауыш кәсподақ ұйымының төрағалары қызметкерлерді әлеу­меттік-құқықтық қорғау барысында басшылыққа алатын нормативтік-құқықтық құжаттарға тоқтала отырып, ішкі еңбек тәртібінің қағидаларына қойылатын та­лап­­тар­ды атады. Әлеуметтік әріптестік мәселесі мен оның тиімділігін арттыру жолдары талқыланды. Заңгер ұжымдық шарт, оны орындау көрсеткіштері және оларды бақылау әдістері мәселесіне байланысты қойылған сұрақтарға толығынан жауап берді.
Облыстан келген заңгер Ербол Жүнісұлы жеке еңбек даулары мен оларды шешу тәртібі жайлы айтып, Еңбек тәртіптемесі қағидалары, тәртіптік шаралар, еңбек қаты­настары, олардан туындайтын еңбек даулары жайлы толығынан мағлұмат берді. Семинарды қоры­тындылаған аудандық білім сала­сы қызметкерлері кәсіподақ ко­ми­тетінің төрағасы Елшібек Сатершинов ұйымның жұмысы жанданатынына және білім бөлімі қызметкерлерінің жұмысына сәт­тілік тіледі.
Айсұлу Пазылова.
17 сәуір 2018 ж. 1 175 0