№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Дуальды оқытуға дайынбыз ба?

Дуальды оқытуға дайынбыз ба?


Ресми дерекке сүйенсек, елімізде жарты миллионға жуық колледж студенті бар екен. Жыл сайын оның 200 мыңы диплом алып шығады. Осы тұста, орынды сауал туындайды. Диплом алған түлектің бәрі бірдей жұмысқа орналаса ма? Жарайды, жүз мыңы жұмысқа орналасар. Ал қалған түлектердің тағдыры не болмақ? Тақырып ауаны дуалды білім беру жүйесінің бүгінгі ахуалын баян етпекпіз. Себебі Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев дуалды оқыту жүйесін сынға алды. Өздеріңізге белгілі, дуалды білім беру жүйесі – теория мен тәжірибені ұштастыруға мүмкіндік беретін бағдарлама.

«Ешкімге керек емес мамандарды дайындаймыз. Қандай мамандар дайын­дау керегін білмейміз. Дуалды білім туралы айтып келе жатқанымызға 10 жыл» деген вице-премьер отандық білім беру жүйесінің қазіргі ахуалына көңілі толмайтынын жеткізді. Оған қоса, Бердібек Машбекұлы дуалды білім беру жүйесін жаңғырту үшін Білім және ғылым министрлігі алдымен өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша оқытуды және емти­хан тапсыруды көздемейтін техникалық және кәсіптік білімнің мемлекеттік стан­дарттарын өзгерту қажет екендігін атап өтті.
– «Колледж студенттері мамандығына сай пәндерді оқып жүр ме? Мәселен, дәнекерлеуші немесе құрылысшы маман­дығы бойынша оқитын болса, онда неге мектепте 11 жыл оқыған математика, тарих, әдебиетті қайта оқып үйренуі керек? Бұл пәннің орнына жұмысына, кәсібіне қажетті дүниелерді оқып өскені дұрыс емес пе? Сондықтан келесі оқу жылы басталмай тұрып, өз мамандығына сай емес пәндерді төмендетіп, оқу жоспарын қайта құру қажет», – деді Вице-премьер.
Расында дуалды оқыту жүйесі әзірге қағаз жүзінде қалып отырғаны жасырын емес. Өңірде өндіріс орындары жоқ емес, бар. Бірақ екіжақты меморандум қос тараптың қол алысқан һәм құжатқа қол қойған күйінде қалады. Ал министрліктің мәліметі бойынша, 2020 жылы дуалды оқытудың элементтері колледждердің 80 процентінен астамына енгізіледі деп күтілуде екен. Бүгінгі таңда бұл жаңа білім жүйесіне елдегі 100-ден астам колледжі енгізілген. Қалаларда техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері, ал жалпы алғанда аталмыш 100 колледжге ауыл шаруа­шылығы, көлік, металлургия, ма­ши­на жасау, мұнай-газ, кен өндірісі са­ла­сындағы кадрларды дуалды білім беру жүйесімен дайындау элементтері енгізілу міндеттеліп отыр. Жалпы айт­қанда, студенттер 70 пайыздық өнді­рістік тәжірибеден өтуге міндетті. Яғни теориядан гөрі, практикаға баса мән берілуі тиіс. Өкінішке орай, бұл меже әзірге сағым.
19 қараша 2019 ж. 622 0