№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

№21 (8935) 22

22 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ПРЕЗИДЕНТ: Нарықта тек жоғары білім бере алатын ЖОО-дар қалуы керек

ПРЕЗИДЕНТ: Нарықта тек жоғары білім бере алатын ЖОО-дар қалуы керек

«Жоғары білім саласында оқу орындарына талаптар қатая түседі. Гранттардың санын өсірдік. Ендігі кезекте жауапкершілікті арттыратын уақыт келді. ЖОО-ның табыстылығының басты талабы - оқу біткеннен кейін студенттердің жұмыспен қамтылуы, олардың жоғары айлығы бар жұмысқа орналасуы болмақ. Университетті бітіргеннен кейін - түлектердің халі не болды, оларды айлығы жақсы жұмысқа қабылдады ма? Солай болса, демек, университет мықты деген сөз. Олай болмаса, бұл университеттің өміршеңдігі де жоқ. Ол университетке студенттердің түспейтіні анық», - деді Президент. 
«Осы жылы барлық университеттер түлектерді дайындап шығарды. Қай университеттен қаншасы жұмысқа орналаса алды? Ол туралы жариялы түрде айтып, баспаға жариялап, телеарнадан көрсету керек. Міне, сондықтан ЖОО-ларды ірілендіру саясатын жүргізу керек. Біздің елде 130-дан астам университет бар. Шыны керек, олардың саны бұрын 200-ге жуық еді. Әлбетте, ЖОО-ларға қарсы емеспін, кімнің қайда оқысы келсе, сонда оқысын. Бірақ, ешкімге қажет болмай қалатын адамдарды дайындаудың, жай диплом бере салудың керегі не?» - деді Мемлекет басшысы.
«Нарықта тек жоғары білім бере алатын ЖОО-дар қалуы керек. Жаһандық университеттермен ынтымақтастықты жалғастырып, Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша әлемнің үздік топ-менеджерлерін тарту керек. Әлбетте, Назарбаев Университетіне қомақты қаражат бөлініп жатыр деуі де мүмкін. Бірақ, басқа университеттер - Алматыдағы Экономика және сауда университеті ме еді - тартып жатыр ғой. Олар да сәтті жұмыс істеуде. ҚазҰУ-да солай сәтті жұмыс бабында. Қазіргі білім беру инфрақұрылымының базасы негізінде Назарбаев Университетінің үлгісі бойынша тағы бір аймақтық ЖОО ашу керек деп есептеймін», - деді Президент.

05 қазан 2018 ж. 1 353 0