№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорғанда жыл басынан бері 43 өрт оқиғасы тіркелген

Жаңақорғанда жыл басынан бері 43 өрт оқиғасы тіркелген


Жаман айтпай жақсы жоқ демекші, кенет кент ішіндегі газ жүйелерінен ақау шығып, өрт оқиғасы орын ала қалған жағдайда не істеу керек? Төтеннен келген қатерге қаншалықты дайынбыз? Жақында өткен оқу-жаттығу жұмысы осы бағытты пысықтады.


2018-2019 жылғы жылу беру мау­сымында аудан бойынша тұрғын үй жағдайында 10 өрт оқиғасы тіркеліп, түтінге улану фактісі бойынша 1 адам ауруханаға жатқызылды. Ағымдағы жылы 43 өрт оқиғасы орын алып, көмір қышқыл газынан уланудан алты дерек кездескен. 2019-2020 жылғы жылу беру маусымында сақтық шараларын күшейту міндеті тұр. Осыған байланысты ауданда «Қыс-2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының iс-шаралары басталды.
Алдымен аудан әкімдігінде жиын өткіз­ген жауапты сала басшылары аудан­дық азаматтық қорғау қызметтері мен кент, және ауылдық округтер әкімдерінің қысқы кезеңге дайындығы жөнінде баяндама жасады. Қыс кезеңіндегі төтенше жағ­дай­лардың зардаптарын жоюға қатыс­­тырылатын авариялық-құтқару құра­маларына оқу жаттығу басшысы Адай Салыбеков бастаған топ оқу жаттығу жоспарына сәйкес Құрманғазы көшесінің бойында саптық қарауды аралады.
– Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және Қызылорда облысы әкімінің ұйымдастыру нұсқаулығына сәйкес, Жаңақорған аудан аумағында «Қыс-2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын пысықтап жатырмыз. Төтенше жағдай орын алғанда инженерлік қызмет, медицина мен байланыс қызметі және өзге де арнайы жасақ әзір болуы тиіс. Жылда осы дәстүрлі оқу-жаттығу жұмысын өткізіп тұруға міндеттіміз, – деді аудан әкімінің орынбасары А.Салыбеков.
Оқу-жаттығудың негізгі тақырыбы – «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайын­дау». Оқу-жаттығу барысында негізгі міндет қысқы кезеңдегі төтенше жағдайға ден қоюға азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарының әзірлігін тексеру қатаң бақылауда болды.
– Оқу-жатығулар барысында төтенше жағдайлар жою кезінде авариялық-құт­қару құрылымдарының өзара әрекеттері пысықталды. Авариялық-құтқару құры­лым­дарымен төтенше жағдай орында­рынан адамдарды құтқару, оларға алғашқы көмек көрсету, қауіпсіз жерлерге көшіру мен төтенше жағдайлар зардаптарын жою бойынша тиісіті жұмыстар жүргізілді, – деді төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Берікбай Омаров.
– Саптық қараудан кейін оқу-жаттығу барысы Жаңақорған аудандық газ шаруашылығы мекемесінің газ тарату желілерінің ГРП-1 газ тарту пунктінде өтті. Одан кейін, Саяжай мөлтек ауданындағы көп қабатты тұрғын үйдің бу қазандығында аварияларды жою мақсатында авариялық-құтқару құрамаларымен арнайы-так­ти­калық дайындығы пысықталды.
– Саптық қарауға аудандық аза­мат­тық қорғау қызметі 48 техника 162 адам қатыстырылды. Қызметкелер мен техникалар сақадай сай. Былтыр орын алған өрттің негізгі себептері тұрғындардың өрт қауіпсіздік шараларына салғырт қарауынан, яғни тұрмыстық пештердің техникалық жағдайына мән бермеуінен туындады. Сол сияқты балаларды қараусыз қалдыру жағдайлары да кезікті. Талаптарға сәйкес жылу беру маусымында пештің түтін шығу жолдары екі-үш реттен тазалану қажет. Алайда тұрғындар жылу беру маусымында түтін жолдарын мүлдем тазаламай салғырттық танытады, – деді Б.Омаров.
Төтенше жағдайларға тосқауыл шаралары соңында «Республикалық және жергілікті маңызды автомобиль жолдарындағы авариялардың зардаптарын жою» тақырыбында оқу-жаттығу өткізілді.
Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен жыл сайын өткізілетін жылу беру маусымындағы адам өмірі мен денсаулығы, мүлікті және қоршаған ортаны өрттен қорғау бойынша кешенді іс-шара осылай түйінделді.

Әли ТЕМІРБЕК
09 қараша 2019 ж. 572 0