№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Екпінділік Есенгелді Ержігітов цифрлы ақшаны қолданып жүр

Екпінділік Есенгелді Ержігітов цифрлы ақшаны қолданып жүр


Жаңақорғанда қарапайым ғана ауыл тұрғыны электронды ақша айналымын қоданып жүр дегенге сенесіз бе? Иә, рас. Екпінді елді мекенінде Есенгелді Ержігітов есімді қария криптовалютаның рахатын көруде. Бұл жөнінде сәл кейінірек. Әуелі криптовалютаның бүгіні мен келешегіне көз жүгіртсек. Мұндай электронды ақша айналымының болашағы бар ма? Цифрлық төлем құралының біз білмейтін тағы қандай тың тәсілдері бар?


Тақырыпты кеңінен тарқатсақ. Криптовалюта. Төлем бірлігінің бұл түрі өзгертуге келмейтін таңбалар жиынтығынан, яғни математикалық алгоритмдер арқылы шешілетін әріптер мен сандардан тұрады. Түсінікті тілмен айтқанда, «цифрлы ақша». Мұның физикалық баламасы жоқ. Тек виртуалды кеңістікте жүреді. Әрі кибершабуыл қауіпті емес. Әйтсе де виртуалды валюта болғандықтан оны қолмен ұстап, көзбен көру мүмкін емес. Қазіргі таңда Еуропа одағы криптовалютаны жаппай қолданысқа енгізуге талпынып жатыр. Ал Жапония күнделікті өмірде кеңінен қолдануда. Негізі криптовалюта деген ұғымды 2009 жылы Сатошо Накомото деген лақап атпен танылған бағдарламашы енгізді. Ол ең алғаш математикалық есептеулерге негізделген жаңа төлем жүйесін биткоин деп атады. Сол арқылы пицца сатып алу транзакциясын жүзеге асырды. Өздеріңізге белгілі, қазіргі таңда биткоин ең танымал криптовалюта. Алайда транзакциясы шифрланатын және қолдану аясы жасырын болғандықтан биткоинның болашағына күмәнмен қарайды. Яғни жүйенің қызметі мен қорғанысы криптографиялық әдіспен қамтамасыз етілген. Ашықтық пен жариялылық жоқ. Ақшаның қайдан келіп-кетіп жатқанының ізі жоқ.
Хош. Әлгінде айтқандай, Екпіндіде цифрлы ақшаны қолданып қана қоймай, бұл бағытта қарапайым халықты сауаттандыру ісімен айналысып жүрген зейнеткер бар. Есімі Есенгелді. Білім саласында 41 жылдық еңбек өтілі бар. Қазіргі таңда Есенгелді Фазылбекұлы Бүкіләлемдік «Onecoin-Onelife» компаниясының Қызылорда өңірлік Oneacademy-ның цифрлы-қаржылық сауаттандыру курсының жетекшісі. Өңірдегі бас кеңсесі облыс орталығында орналасқан. Шыны керек, Есенгелді ағамен тілдесу барысында цифрлы ақшаның бүгіні мен болашағы жайлы көп мәліметке қанықтық. Өйткені, ол соңғы екі жылда виртуалды ақшаның бүгінгі таңда танымал түріне айнала бастаған «Ван коин» сандық валютасын тереңінен зерттеп жүр. Тек зерттеп қана қоймай, оқыту академиясында дәріс беруде.
– Өзім жаңалыққа құмар адаммын. Әсіресе қаржылық сауаттылық бойынша көп ізденіп жүрмін. Бүгінде жаһанда криптовалютаның мыңдаған түрі бар. Соның ішінде – OneCoin сандық валютасы жақын келешекте ең ірі халықаралық төлем жүйесі болмақ. Негізінен OneLife-OneCoin компаниясы 2014 жылдың қыркүйегінде құрылды. Инновациялық өніммен революциялық идея әлемдік нарықта серпіліс жасады. Дәл мұндай адамдарға жаңа сандық экономика бойынша қаржылық білім беруді ұсынған компания нарықта жоқ. Бұл компания адамдарға криптондық валюта дегеніміз не, блокчейн деген не және сіз қаржы бостандығына құқық алып, тау-кеннің бағасы бойынша алуға болатын OneCoin сандық монетасы деген не білуге мүмкіндік берді. Қазіргі таңда әлемде 3,5 млн адам осы цифрлы ақшаның игілігін қолдануда, – дейді Есенгелді Ержігітов.

ҚАЗАҚСТАН ЦИФРЛЫҚ АҚШАНЫ ҚАБЫЛДАЙ МА?

Ал енді 1 ONE курсы қанша дегенге келсек. DealShaker жарнамалық алаңында ONE курсы 29,85 евро. Оған қоса, Есенгелді Фазылбекұлының айтуынша, жоғары инфляция, фиаттық ақшаның құнсыздануы жағдайында ОпеСоіп жоғары бәсекеге қабілетті артықшылығы бар екен. Өйткені, ONE орталықтандырылған тау-кен өндіру ар­қы­лы өндірілетін бірін­ші сан­дық вал­юта, әрі мәмілелер мен транзакциялардың жоғары қауіпсіздігін қамтамасыз ететін верификацияланғандықтан оны сандық алтын деп атайды. Сонымен қатар, OneCoin сенімді, функционалды, дамыған экожүйесі бар және 2,5 жылдан астам уақыт бойы DealShaker сандық халықаралық алаңында тауарлар мен қызметтерге алмасу құралы ретінде пайдаланылады. Оның айқын дәлелі, екпінділік Есенгелді ағамыз жақында өзінің жинақтаған Onecoin капиталына онлайн жүйеде киім-кешек сатып алған. Теңгеге шаққанда 10 мың теңгеге 300 мың теңгенің затын ванкоинға сатып алған. Оның айтуынша, мұндай цифрлы ақшамен есептесетін сән салоны, киім-кешек саудасы, тамақтану орындары Қызылорда қаласында да бар екен.
Ендігі кезекте, мемлекеттің криптовалютаға деген ұстанымын тарқатсақ. Қазіргі таңда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленген. Бұл жоба Мәжіліске биыл желтоқсан айында қаралады деп күтілуде. Десе де, ел билігі бізге биткоин керек пе, керек емес пе деген сұрақпен бас қатырып жатқанда, Екібастұз қаласында биткоин шығара бастады. Нақтырағы, артылған энергия көзін ақшаға айналдыруда. Бұл криптовалютаның жаңа түрін алматылық «БНКА Энерджи» компаниясы шығарып жатыр. Тың жобаға АҚШ-тың инвестициясы тартылған. Майнингтік орталықта 16 маман жұмыс істейді. Бұл орталықтың Екібастұздан ашылуының бірнеше себебі бар. Біріншіден, өңірде электр қуаты артылып қалады. Екіншіден, тариф төмен. Үшіншіден, деңгейі жоғары кәсіби мамандар бар. Келешегі Павлодар облысы елдегі блокчейн-технологияларды қолданатын ірі орталыққа айналады деген болжам бар.

БЛОКЧЕЙН ДЕГЕН НЕ?

Айтқандай, бәрін айтып, блокчейн жайлы айтпай кеткеніміз айып болар. Тақырып аясында байқағаныңыздай, криптовалютаның жанында блокчейн сөзі қатар жүреді. Бұл қандай термин? Қызметі не? Аз-кем тоқтала кетсек. Блокчейн – желідегі ақпараттарды сақтаушы, арнайы тәртіппен жасалған блоктар тізбегі. Қысқасы, ешбір орталықсыз басқарылатын цифрлық есептік көрсеткіш. Қарапайым тілде электронды валюта жүйесі деп атауға болады.
Блокчейн жүйесі бізге не үшін керек? Елбасы Жолдауында неге блокчейн технологиясын ілгерілету керек деген тапсырма берілді? Осы сауалға жауап іздеп көрсек. Банктермен салыстырғанда блокчейннің айырмашылығы – арада делдалсыз жұмыс жасайды. Басқарушы орталығы жоқ деген сөз. Жұмыс тәртібі мәліметтер базасы арқылы жасалады. Мәселен, үй алу үшін үйдің – сатушының өзіне тиесілі екенін, басқа ешкімге тиесілі еместігін, нотариаттық куәландыру секілді ондаған рәсімдерді жүзеге асырамыз. Ал нотариалдық жүйе блокчейнде болса, екі тарап ешқандай делдалсыз бір-бірінің қаржылық, заңдылық әлеуетіне бірден көз жеткізіп, жұмысын бітіреді. Блок тізбектері жер-жаһанның кез келген бұрышы болмасын блокчейннің қолжетімді құжатымен танысуға мүмкіндік береді. Алайда сізде міндетті түрде криптаграфикалық алгоритммен жасалған жабық кілт болуы керек. Жалпы, болкчейннің болашағы бар ма? Бүгінде ІТ сала дамыған сайын технологияның өсу ықпалы артып келеді. Сондықтан да сарапшылардың сөзінше, блок тізбектің келешекте дамитын 5 саласы бар. Олар; шағын төлемдер, банк жүйесінің жұмыстары, логистика, заң саласы, медицина. Десе де, блокчейн бұл тек қаржы мәселесіндегі оң шешімін тапқан жүйе емес, оған қоса киберқауіпсіздікті басты назарда ұстап тұрған баламасы жоқ бағдарлама.
Түйіндей айтқанда, алда-жалда электрондық валюта, блокчейн технология жүйелері қоғам өміріне енетін болса, адамзат үшін банк, дәстүрлі валюта, ақша аударымдарының қазіргі жүйесі керексіз болады. Бүгіннің өзінде биткойн, лайткойн, ванкоин электронды ақшалары бірқатар мемлекеттерде заңдастырылып, айналымға енген. Онда құйылып жатқан инвестициялар да миллиардтаған долларға жетіп отыр. Бұл да болса, жаһандық жаңалық. Таяу жылдары өте ауқымды өзгерістер орын алады. Әлем қазір ғарыштық жылдамдықпен дамуда. Кез келген сәтте адам ойламаған нәрселер дүниеге келіп жатады. Бұның барлығы бізден аса қырағылықты, шапшаң қимылдауды, жедел бейімделуді талап етеді. Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінің талабы да – осы. Тұңғыш-Президент Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы осы талаптарға сай болуымызды көздейді.

Самат ОҢҒАРҰЛЫ
29 қазан 2019 ж. 649 0