№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жолдаумен үндескен жаңашыл жүйе

Жолдаумен үндескен жаңашыл жүйе


«Қолма-қол ақшасыз» экономикаға көшу керек. Сондай-ақ бизнестің қолма-қол ақшасыз есеп айырысуын қолдау сияқты ынталандырушы құралдарға да сүйенген жөн. Бұл Елбасының халықтың табысы мен тұрмыс әлеуетін арттыруға бағытталған Жолдауындағы пәрмені. Бүгінде жаһан жұрты әмиян ұстауды қойып, банк картасы мен интернет-банкинг жүйесіне көшкен. Келешекте онлайн есеп айырысу үдерісі қалыпты жағдайға айналады. Қазіргі таңда елімізде төлем карточкалары арқылы есептесу пайызы күннен күнге артып келеді. Жолдаудың діттегіні де осы қолма-қол ақшасыз экономиканы дамыта түсу. Ендігі кезекте тақырып аясын тарқата айтсақ. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу құралы көп жағдайда төлем карточкасын пайдалану негізінде жүзеге асырылады. Ал төлем карточкасы – электронды терминалдар мен басқа да құрылғылар арқылы өз ақшаңызды басқару. Бұл көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алатын бірден-бір тетік.
Сондай-ақ, төлем карточкалары арқылы жүргізілетін операцияларды жүзеге асыратын РОS-терминалдар, банкоматтар, интернет-банкингтерді атап өтсек болады. Мұндай есеп айырысудың артықшылығы ол уақыт пен қауіпсіздік болып табылады. Елімізде ең алғаш банк саласы бойынша «мобильді банкинг» жүйесін «Халық банкі» АҚ бастады. Яғни, пластикалық төлем картасының иелері мобильді телефонға келетін смс-хат арқылы карталық есеп-шотындағы қаржы айналымы туралы ақпаратты біліп отыруға мүмкіндік беретін қызмет түрі. Мәселен, ұялы телефонға «myHalyk» жүйесін жүктеп алып, төлемдер мен аударымдарды бөлімшеге келмей-ақ жүзеге асыруға болады. Ол үшін пластикалық картаңызды қаржы болса жеткілікті. Оған қоса, қосымша мобильдік нұсқа арқылы шоттар бойынша үзінді көшірмелерді, «Қазақтелекомға», Ұялы байланыс операторлары бірлік салу үшін, банктегі депозитіңізге қаржы аударуға болады. Одан бөлек, коммуналдық, салықтар, айыппұлдар, әуе, темір билеттері, сақтандыру, білім, қайырымдылық мақсаттағы электрондық төлемдерді жүзеге асыруға болады. Және де өз шоттары мен карталары арасында, өз картасынан Банк шығарған кез келген картаға қаржы аудару мүмкіндігі бар. Яғни, бір сөзбен айтқанда, операциялар тәулік бойы қолжетімді. Мобильді қосымшаны аудан тұрғындарыда белсенді қолдануда. Айта кететіні, смс-банкинг қызметі бар. Ол – ұялы телефоныңыздың нөміріне келіп түсетін Смс-хабарламалар арқылы төлем картасы бойынша ақша қозғалысына тәулік бойы бақылауды қамтамасыз ететін қызмет түрі. Міне, интернет-банкингтің мүмкіндік аясы қаншалықты кең.

КӨРШІ ЕЛ КӨШ БАСЫНДА
Енді экономикалық тұрғыдан дамуды нығайту бірін-бірі толықтырып, өзара өркендеуге бастайды. Бұл бағытта Қытай қолма-қол ақшасыз есеп айырысу, интернет экономика саласындағы тәжірибесімен бөлісе алады. Қазіргі таңда шығыстағы көршіміз әлемде цифрлық экномикасы дамыған елдердің көш басында. Жаһанға танымал Tencent компаниясының жүргізген зерттеуінде, аспан асты елінің 86 пайыз халқы әминясыз өмір сүруге дайын екен.
Осы орайда, мемлекетаралық «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы Қазақстан мен Қытайдың қарым-қатынасына тың серпін беріп қана қоймай, өндірістік экономикадан цифрлық және интернет экономикаға көшуге жол ашады. Яғни, әлемдік үдеріске сай экономиканы дамыту уақыт талабына сай өзгеріп отыруы тиіс. Дүние жүзіндегі ең ірі ғаламтор сауда алаңы болып саналатын қытайлық «Алибаба» компаниясы 8 минут ішінде 1 млрд АҚШ долларына тең болатын сауда жасайды. Алпауыт онлайн-сауда жүйесіне әлемнің 180 елінен тауар сатып алушылар қатысады екен. Ендігі кезекте, халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, еліміздегі цифрлы экономикаға көшуді жеделдетсек игі.
Қазақстанда электронды сауда жүйесіқарқын алып келеді. Жолдауда айтылған қолма-қол ақшасыз экономиканы дамытуға «Астана» халықаралық қаржы орталығы қомақты үлесін қосуды жоспарлап отыр. Алдағы уақытта ақшасыз төлемдер жасауға жедел көшудің пәрменді тәсілінің бірі – операцияға ұтқыр төлем жасауды пайдалану және электрондық қосымшаларды қолданысқа енгізу керек. Әлемдік тәжірибеге жүгінсек, мұндай қосымшалардың қатарында әмбеге аян PayPal, Alipay, Apple Pay Cash бар. Яғни, смартфон арқылы ақша аудару функцияларымен қатар, кең ауқымды әлеуметтік қызметтер де көрсетеді. Түйіндей айтқанда, қолма-қол ақшасыз салада ақша айналысын дамыту экономиканы көбірек заңдастыруға, тауарлар мен қызметтердің көлеңкелі айналымын азайтуға, салық саясатын жолға қоюға ықпал етеді.
20 қазан 2018 ж. 1 054 0