№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Диқанбаеваның жары "Озат диқаншы" атанды

Диқанбаеваның жары "Озат диқаншы" атанды

Табиғаттың қос перзенті – Жер мен Адам ортақ тіл табысып, бірін-бірі жарылқауға ұмтылғанда ғана тіршілікті  жандандырып, тіпті ұлы жеңістерге қол жеткізуге болады. “Келінтөбе” кеңшарының байырғы күріш өсірушісі Мұхтархан Барышев осы қағиданы өмірлік сертіне айналдырған жан.

Ен даладағы енапат еңбекке ерекше іңкәрлікпен, сүйіспеншілікпен бет бұру ләзім. Жер – ана да адам таңдайды, бала жастан бауырына басқан, тауқыметіне тастай қып пісірген перзентіне ерекше пейілді. Көзін ашқаннан кең далада кешегі кеңестік кезеңде шаруашылықта егін еккен, бригадир болған әкесіне қолқабыс етіп, жанынан қалмай жүретін Мұхтархан дәл осы сырды жүрегімен сезінеді. Туған даласымен оны ажырамыстай байланыстырып тұратын осы күш, осы құдырет.
Орта мектепті бітірген соң арнайы білім алып, егін шаруашылығында кәсібін жалғады. Звеновод болды. Соңғы он бес жыл көлемінде Келінтөбедегі ғылыми – өндірістік «Агротехнология» шаруа қожалығындақажырлы еңбек етіп келеді. Биыл 120 га жерге күріш дақылының «Ай-Керім» сортын егіп, егістіктің әр гектарынан 82 центнерден өнім алды. Мұндай көрсеткішке кәнігі диқан жылда қол жеткізіп жүр. Мұның барлығы еңбек жолында жинаған мол тәжірибесінің, екіншіден еңбекқорлығының арқасы деуге болады. Әкесі Махмуд балаларынан бар білгенін аямай, әр дақылдың өзіндік мінезін, ерекшелігін, күтімін жас кеуделерге егуімен ертеңнің де мол біліммен қаруланып, егіншіліктің сан құпиясын меңгеруіне қызмет еткен жан. Өз перзенттерінен осы Мұхтарханы мен Есенгелдісі әке жолын жалғап диқандықты пір тұтып келеді.
Біз аудан чемпионына арнайы жолығып, жеңісімен құттықтауды парыз тұттық. Рекордтық көрсеткішке жеткен ұжымның мүшесі жеңісті қанағат тұтып, қарап отыруды құп көрмей, жанын сала жаңа науқанға кірісіп кетіпті. Бүгінде 80 га егістік жерге күздік бидай себу жұмысы қарқынды басталып кетті. Еңбек адамында бір минут артық уақыт жоқ. Мұны жақсы түсінетін жары, сегіз баланың анасы Жанар қашан да ерінің қасы-қабағын бағып,  өмірде де, отбасында да демеу болуға тырысады. Диқанның жары болу үшін Диқанбаева болу шарт емес. Бірақ біздің чемпионның жарының фамилиясы – Диқанбаева екен. Бұл да кездейсоқтық емес, бәлкім.

Баян ҮСЕЙІНОВА
20 қазан 2019 ж. 645 0