№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Жарты сағатымды қайтарып беріңіз»

«Жарты сағатымды қайтарып беріңіз»


Ақиқатында олар уақытын текке өткізіп жатқандарын біреу білер, біреу білмес. Біз сөз еткелі отырған әлеуметтік желінің, басқаларға қарағанда  мүмкіндігі мол. Жастар жағы әйтеуір болмады дегенде күніне 2-3 мәрте бас сұғады. Сондағысы желідегі достарының басты бетіне қандай сурет қойғанын бір сүзіп шығады. Ең қызығы бейнеролик. Оның ішінде; жасырын камераға түсірілген қысқа қалжыңдар. Бастары қосылса, айтатындар да сол. Әлгі приколды көрдің бе?, деп әңгімелерін бастайды. Мән-мағынасыз. Ерсі қылықтар. Бір-біріне таратуда жан салмайды. Қысқа сөзбен қайырғанда. Батыстың қаңсығы, бізге таңсық болып тұр. Әй, менің немерем, мына экранын түртіп ашатын, ұялы тұтқаны өзі меңгеріп алған. Білмейтіні жоқ деп апаларымыз мәз. Білім ошақтарына бара қалсаң. Оқушылардың қолында кірпіштің көлеміндей телефондарды көреміз. Айтайын дегенім. Ұялы тетіктің ішіндегі, интернетті игілігіне икемдесе игі. Бірақ, біздердікі ойын ойнау мен әлеуметтік желінің әлегіне түсуден әрі асалмай жатыр. Оданда кітап оқымайсың ба деп ақыл айтсаң, ғаламторда қолжетімді дейді. Дұрыс. Алайда кітапты парақтап, сезініп оқығанға не жетсін. Бәрін айтта, бірін айт, «уацапсыз уақыты өтпейтіндердің жырын айт» демекші, уацаптан уақытқа көшелік.

       Уақыттың қадірін түсінбей жүрміз ау шамасы. Қанатты сөзбен айтқанда; «Ұрланған заттың орнын басқа нәрсемен толтыруға болады, бірақ ұрланған уақыттың орнын еш нәрсе толтыра алмайды». Ұғына білгенге бұлда бір өсиет. Уақыт-адамзат баласына берілген  баға жетпес құндылық.  Барлықтарыңыз білесіздер Батыс Еуропа елдерінде кешігу деген үрдіс жоқ. Әрбір басқосу өз уақтысында басталады. Біз батыстың қаңсығына еліктесек, олар біздің баға жетпес құндылығымызды қадірлеудің жолын өмірлеріне қағида етіп алған. Тақырыпқа тұздық. Бірде батыс мемлекетіне барып, олардың әрбір минутпен санаса отырып, жұмыс істейтініне таңырқаған азиялық мұсылман жігітке батыстық тілші былай депті; «Оның несіне таңырқайсың. Мұның бәрін біз сендерден, яғни мұсылмандардан үйрендік. Сендер минутына дейін санап күнделікті бес уақыт намаз оқисыңдар, ауыз бекітіп, ауызашар кезінде бір минут уақыт кірмесе, соны күтесіңдер. Бар болғаны, бұл қағиданы өмірлік ұстанымға айналдырдық»–дейді, ағынан жарыла. Яғни, уақытпен санассақ ұтарымыз көп. Бос уақытын бекерге өткізген көп бауырларымыз жаза басып жатқандары да аз емес. Бұл тұрғыда. Ахмет Яссуаи бабамыздың; «кітабына үңілген бала, егін егумен айналысқан егінші, қолы істегі тігінші, ас үйде тамақ пісірген әйел жамандық ойлауға уақыт таппайды»деген екен. Яғни, қолы бос әлеуметтік желіден көрген түрлі жамандық бейнероликтерін қоғамда іс жүзіне асырып көрмесіне кім кепіл? Оның орнына білім ғылымға баулу, бүгінгі күн талабы. Қазіргідей жахандану жағдайында еліміздің ұлттық және мемлекеттік бірегейлігін сақтау үшін өзіміздің ұлттық болмысыз бен төлтума мәдениетімізді, рухани құндылықтарымызды танып білу–күн тәртібіндегі мәселе. Айтпағымыз қолда бар алтынның қадірін білмей, қолымызды кеш сермеудің алдын алу. Жаратқан берген өмірімізді қалай өткіздік, ойын сауық, қызық қуып, бос уақытпен ұрлатпадық па? Есті адам өзіне осылай күніге есеп беріп отырса игі. Түйін сөзге тығып отырған тағы бір тәмісілім бар еді, сонымен тәмамдайын. Бірде «Мені жарты сағаттан кейін оятыңыз»,–деп көз ілмек болған әйгілі Эйнштейнді қызметшісі біраз тынықсын деген жанашырлық оймен бір сағаттан кейін оятады. Тұра сала жалма жан сағатына қараған ғалым уақытында оятпаған қызметшісіне: «Жарты сағатымды қайтарып беріңіз»,–деп ренжіген екен. Түнімен уацаптан көз алмаған жастарымызды, он сағаттан кейін оятсаңда неге ояттың деп, дүрсе қоя берері сөзсіз. Ал ағайын біздікі тек ой салу. Уақыттарын пайдалы ілімге жұмсап, пайдасыз ілімнен қашатын жастар қауымы көп болсын.
                                          Әбдісамат ОҢҒАРҰЛЫ.
07 қазан 2019 ж. 1 043 0