Ата-ана әлеуметтік желіде қандай қателік жібереді?
Ғаламторда шектеу жоқ. Жасы кішкентай баладан қарттарға дейін ғаламторды игілігіне жарата алады. Әсіресе, әлеуметтік желі барлық буын арасында кең танымал. Дегенмен, жасөсіпірімдер ата-анасымен әлеуметтік желіде дос болуды қолдай бермейді. Өйткені, балалардың ойынша ата-аналар байқаусызда әлеуметтік желіде қателік жібереді. «Three» британ компаниясы әлеуметтік желідегі ата-ана мен бала қарым-қатынасына зерттеу жүргізеді. Олардың ішінде 70% жасөспірім ешқашан ата-анаммен әлеуметтік желіде дос болмас едім деген пікір білдірсе, 30%-ы ата-анасын достар қатарынан өшіріп тастаған. Неге? Біріншіден, бұл балаға ата-ана оны өз бақылауында ұстап отыр деген ой қалыптастырады. Олар өзін жасанды ұстай бастайды. Екіншіден, ата-ананың әлеуметтік желідегі белсенділігі баланың бойына ыңғайсыздық тудырады. Өйткені, ата-ананың барлығы жастар мәдениетін түсіне бермейді, олардың сөйлесу стилі, өзара түсінетін әзілдері үлкендер үшін жұмбақ.
Әлеуметтік желіде ата-аналар жіберетін қателіктер рейтингі: 1. Балалардың 24%-ы ата-анасының отбасылық суреттерді салғанын ұнатпайды. 2. 21%-ы ата-анасының «біртүрлі» суреттерді салғанын жек көреді. 3. Жасөсіпірмдердің 10%-ы үшін мына жағдайлар ыңғайсыздық тудырады: • Жастардың сленгін ата-ана орынсыз қолданса; • Олардың парақшасында ата-анасы қалдырған түсініксіз пікірлер. 4. 9%-ын анасы не әкесі жазған пікірлер ұялтады. 5. 4% жасөспірім үшін мына жағдайлар ең қолайсызы: • Олардың суреттеріне жазылған пікірлер; • Олардың достарының суреттеріне пікір білдіру; • Олардың достарымен хабар алмасуы. Егер әлеуметтік желіге тіркеліп, балаңыздың парақшасын көзіңіз шалып қалса, оның ғаламтор кеңістігінде өзінің жеке өмірі бар екенін естен шығармаңыз.
Пікір 2