№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жастар жылы жаңа мүмкіндіктерге жол ашты ма?

Жастар жылы жаңа мүмкіндіктерге жол ашты ма?


«Жастар жылы» аясында, аудан  әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысында жастарды не толғандырады, оларға қандай жағдай жасалып жатқаны сараланды. Аудан әкімі Сұлтан Мақашев төрағалық еткен жиынға сала басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, белсенді жастар қатысты.
Кеңесте 14 пен 29 жас аралығындағы ауыл жастары арасындағы ахуалға жүргізілген мониторингті талдауға арналды.
Жаңақорған кентінде 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны – 5310. Бұл кент тұрғындарының 16,5 пайызына тең. 2019 жылы мектеп бітірген түлектер саны – 2040. «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» – «Серпін 2050» жобасының аясында оқып жатқан студенттер саны – 26. Арнаулы білімі жоқ жастар – 10, өзге ұлттар – 12, бала күтіміндегі жас аналар – 15, әскер қатарындағы жастар – 1242, ал аймақтағы студенттер саны – 550. Мүмкіндігі шектеулі жастар саны – 126, оның 20-сы еңбекке жарамды.
Жаңақорған кенті жастары кәсіпкерлік саласында белсенді. «Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру» үшін берілетін мемлекеттік грантқа -56 жас қатысып оның 30-ы 505 000 теңге, 26-сы 252 500 теңгеден алды.
Мұны кент әкімі Жарас Мырзалиев айтты.
Жастар арасындағы жүргізіліп жатқан мониторинг нәтижесін баяндауды Қожакент ауылдық округі әкімдігінің маманыАсылбек Досқожаұлы жалғастырды.
Қожакент ауылында тұратын – 3317 халықтың 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны – 911.
Биылғы оқу жылында – 56 жас мектеп бітірді, оның 23-і ҰБТ қатысып, 80 пайызы оқуға түсті.
 «Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру» үшін берілетін мемлекеттік грантты – 9 жас алды, оның 6-ы 505 000 теңге, 3-і 252 500 теңгеден алды, тағы 10-ы оқып жатыр.
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша бір жас  жұмысқа орналасты. Ауылда жұмыссыз жастардың саны жоқтың қасы, ауыл шаруашылық жұмыстарына белсене атсалысып күріш, жоңышқа басқа дәнді-дақылдар егу, ору маусымына белсенді қатысады. Қыс мезгілінде ауыл халқын көмірмен қамтамасыз ету де осы жастардың мойнында.
Әрі қарай Төменарық ауылдық округі әкімі Нүркен Орынбекұлының хабарламасы тыңдалды.
Төменарық ауылдық округі бойынша жалпы халық саны – 4513 болса, оның 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны – 823, өзге ұлттар – 13. Жастар тәжірибесі 2020 бағдарламасы бойынша – 3 жас жұмысқа тартылды.
«Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру» үшін берілетін мемлекеттік грантты 505 000 теңгеден 9 жас жеңіп алды.
2018-2019 оқу жылында мемлекеттік грант және «Серпін» бағдарламалары бойынша 4 жас білім алуда.
Қазан айының 26 мен 27-сі күндері ауылдың белді азаматы спорт жанашыры, еркін күрестен бапкер және қазақ күресінің спорт шебері Мейрамбек Мақсұтұлы Кенжебековты еске алуға арналған, еркін күрестен 2004-2005 жылғы жасөспірімдер аралығында аудандық ашық турнир өткізу жоспарлануда.
Жастардың беймезгіл жүрмеуін қадағалау мақсатында түнгі уақытта рейд жұмыстары жүргізілуде.
Өзгент ауылдық округі әкімі Жанұзақ Мырзабаев атқарылып жатқан жұмыстарын баяндады.
Бүгінгі таңда ауылдық округте 14 пен 29 жас аралығындағы – 430 жас тұратын болса, ол жалпы тұрғындардың 23,6 пайызын құрайды. Олардың 70-сі студент жастар, 116-сы мектеп жасындағы оқушылар. 67 жас бюджеттік салада жұмыс істейтін болса, 12 жас шаруашылық құрылымдар мен өзге салаларда еңбек етуде. 43 жас келіншек бала күтімінде отыр, ал – 42 жас өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.
Ауылдық округте бір клуб үйі, бір үлкен футбол алаңы мен екі шағын спорт алаңы, екі спорт залы, саябақ пен жазғы сахна, екі кітапхана жастарға қызмет көрсетуде.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлы барлық ауылдық округтердегі жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысып, сөз жүзінде ғана айтылмай ісімен дәлелдеуді, әр ауылдық округтерде жыл соңына дейін «Коворкинг» орталықтарын ашуды тапсырды.        
 
05 қазан 2019 ж. 604 0