ЖАСТАР КЕҢЕСІ
Бүгін аудан әкімінің жылдық жоспарына сәйкес, әкімдіктің мәжіліс залында сағат 12.00 де аудан әкімінің төрағалық етуімен жастар ісі жөніндегі кеңестің І отырысы өткізілді.
Кеңес отырысына барлық кент, ауылдық округ әкімдері, тиісті бөлім басшылары, мектеп директорлары жастар ісі жөніндегі мамандар, кеңес мүшелері және Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Мықбасов Нұркен Ғабитұлы қатысты. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды: Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының орындалуы жайлы; Жас кәсіпкерлер мен кәсіпкерлікке ниет білдірген жастарға түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы гранттар, жеңілдіктер алуда көрсетіліп отырған қолдаулары жайлы ; 2017 жылы ауыл жастары мен бірлесіп атқарған жұмыстар мен 2018 жылы жоспарланған қоғамдық саяси маңызы бар шаралар туралы сонымен қатар, Жастар арасындағы өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алуда педагог-психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер, жергілікті билік жұдырықтай жұмылып, жаманатты кеселмен қоғам болып күресудің тетіктерін айқындап, жұмысты түбегейлі жандандыру қажет екендігін және осы бағытта атқарылған жұмыстар жайлы «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Әкімбек Мұратбекұлы мен Шалқия кенті, Аққорған, ауылдық округ әкімдері хабарлама жасады және аудандық ауруханның бас дәрігері Сәулебек Есхожаұлы Суицидтің алдын алу бағытында осы жыл басынан бері 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 14 бала «тәуекел тобына» алынса, 18 жастан жоғары 20 адам «тәуекел тобына» алынып отыр осы тәуекел тобына алынған жастар мен жасөспірімдермен бірігіп жұмыс жасау қажеттігін айтты.