№84 (8795) 22

22 қазан 2024 ж.

№83 (8794) 19

19 қазан 2024 ж.

№82 (8793) 15

15 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » ЖАСТАР БАСЫЛЫМЫНЫҢ ЖАҢА БАСТАМАСЫ

ЖАСТАР БАСЫЛЫМЫНЫҢ ЖАҢА БАСТАМАСЫ

   Қызылорда қаласында «Жастар ресурстық орталығында» «Ақмешіт жастары» газетінің ұйымдастыруымен «Ақмешіт жастары» достарын шақырады» атты кездесу өтті.


Өңір жастары бас қосқан жиынды «Сыр Медиа» ЖШС-нің бас директорының орынбасары Марат Аралбаев ашты. Кездесуге облыстық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Абылайхан Сабанбаев, өңірдегі өзгеде аудандардың «Жастар ресурстық орталықтарының» директорлары және студенттер мен белсенді жастар қатысты.
БАҚ-тағы жастар тақырыбының негізгі бағыты олардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, білім, жұмыспен қамту саласындағы кепілдіктер, кәсіпкерлік, талантты қолдау, оларды замандастарына үлгі ету және жастар бірлестіктерінің жұмысын насихаттау деген сан саланы қамтиды. Тақырыбы сан алуан республикалық не облыстық деңгейдегі қоғамдық-саяси, әлеуметтік, мәдени-әдеби – қай басылым болса да бір нөмірде, тіпті айлық жоспардың өзінде қамти алмауы мүмкін. Бірақ арнайы жастар бағытындағы газет-журнал апталық, айлық шығарылымында толыққанды қамтуға жеткілікті мүмкіндікке ие. Бұл «Ақмешіт жастары» газетінің редакторы Айжан Абдуллаеваның сөзі.
– Газет аптасына 2 рет шығады. Бұған дейін 12 бет болып шыққан басылым қазір Д2 форматына көшті. Айына бір рет оқырманға ұсынылатын 40-қа жуық бет, 150-ден аса айдар бар. Сонымен қатар әр ауданға кураторлар бекіттік. Олар аудандардағы жастар ресурстық орталықтарының мамандарымен бірге жұмыс істейтін болады, – деді форум ұйымдастырушылары.
Шара соңында кездесуге қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті. Мұнан кейін аудандардан келген ресурстық орталықтардың директорларын «Сыр Медиа» орналасқан газет ұжымдарымен таныстырды.
Ерлан РАЙЫМБЕК.
18 мамыр 2019 ж. 1 357 0