» » Жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өткізілді

Жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өткізілді


Аудан әкімінің жастар ісі жөніндегі кеңес отырысының жылдық жоспарына сәйкес 25 қыркүйек күні сағат 16.30 да аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында кеңестің IХ отырысы өткізілді.
Кеңестің күн тәртібінде екі мәселе қаралды. I. Аграрлы-техникалық колледж әкімшілігінің студент жастармен өткізген мәдени көпшілік шаралары мен бітіруші түлектердің тұрақты жұмыспен қамтылуы жайлы хабарламасы.ІІ. 14-29 жас аралығындағы ауыл жастары арасындағы ахуалға (құқық бұзушылыққа) жүргізілген мониторинг және оның алдын-алу барысында атқарылған жұмыстар жайлы Жаңақорған кенті, Қожакент, Төменарық, Өзгент ауылдық округ әкімдерінің есепті хабарламалары тыңдалды. Аталған жастар ісі жөніндегі кеңес отырысына кеңес мүшелері, барлық кент,ауылдық округ әкімдері мен жастар мамандары қатысты.

Нұрбол БАКИРОВ.
26 қыркүйек 2019 ж. 695 0