Сұхбат

Бплп дәрігері

06 наурыз 2023 ж. 1 129

Үздік Шопан

23 ақпан 2023 ж. 1 147

Денсаулық зор байлық

16 ақпан 2023 ж. 2 967

Денсаулық зор байлық

11 ақпан 2023 ж. 1 470

Алғыс арқалаған азамат

28 желтоқсан 2022 ж. 1 669

Елге адал қызмет ету мақсатым

27 желтоқсан 2022 ж. 1 657

№24 (8632) 25

25 наурыз 2023 ж.

№23 (8631) 21

21 наурыз 2023 ж.

№22 (8630) 18

20 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Қазақстандық мұғалімдерге жалақыдан бөлек қандай үстемақы төленеді?

Қазақстандық мұғалімдерге жалақыдан бөлек қандай үстемақы төленеді?


Магистр дәрежесі бар мұғалімдерге 25 мың теңге шамасында үстемақы төленеді
"Педагог мәртебесі" туралы заң жобасында мұғалімдерге қосымша ақы төлеу қарастырылған. Бұл туралы бүгін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үкіметте "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасын таныстырған министр негізгі материалдық стимулдарға тоқталды. Құжатқа сәйкес, сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін қосымша ақы екі есеге өсіріледі. Педагогикалық шеберлігі үшін де қосымша ақы төлеу қарастырылған.
Сондай-ақ, магистр дәрежесі бар мұғалімдерге 25 мың теңге шамасында үстемақы төленеді.
"Сынып жетекшілігі үшін 173 мың мұғалімнің, ал дәптер тексергені үшін 165 мың мұғалімнің қосымша ақысы екі есеге артады. 212 мыңнан астам қызметкердің біліктілік санаты айлық жалақыдан 30-дан 50 процентке дейінгі мөлшерде қосымша ақы алуына мүмкіндік береді. 7 мың қызметкерге магистр дәрежесі үшін 10 АЕК мөлшерінде қосымша ақы төленеді", - деді Аймағамбетов үкімет отырысында.
Бұдан бөлек, 18 мың қызметкер тәлімгерлік үшін бір базалық лауазымдық жалақы мөлшерінде қосымша ақы алады. 100 мыңнан астам педагогтің жазғы демалысы 14 күнге ұзарды. Енді олар да 56 күн демалады.
"Ең бастысы, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, төрт жыл ішінде жалақыны екі есе өсіру мәселесі де қаралды", - деді министр.
Материалдық емес стимулдар
"Педагог мәртебесі" туралы заң жобасында материалдық емес стимулдар да көзделген. Мәселен, мұғалімдердің жүктемесін азайту, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау кепілдігі, "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" мемлекеттік наградасын беру және тағы басқа.
Сондай-ақ, заң жобасына сәйкес, мұғалімдердің балаларына балабақшадан бірінші кезекте орын беріледі.

27 тамыз 2019 ж. 815 0