№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Еразақ Манапұлының ғылыми еңбегі қырғыздарды несімен таңғалдырды?

Еразақ Манапұлының ғылыми еңбегі қырғыздарды несімен таңғалдырды?


Жаңақорған топырағы ақын-жазушы, ғалымдардан кенде емес. Ұлттың рухани-мәдени кемелденуіне үлес қосқан дарындыларымен мақтана алады. Сондай мақтаулы азаматтардың қатарына Еразақ Манапұлын да жатқызуға болады.


Абай атындағы Қазақ Ұлттық педа­гоги­калық университетінің кафедра меңгерушісі Еразақ Тілеубергенов саналы ғұмырын ғылымға арнаған азамат. Ғалымның ғылыми ізденісі алыс-жақын шетелдерде жоғары бағаланып жатады. Әсіресе заң ғалымы жайында жазылған ғылыми-публицистикалық еңбектері маңыздылығымен ерекшеленіп тұрады.
Жақында Қырғызстанның диссертация­лық Кеңесінде жерлес ғалым «Қыл­мысты зерттеу және ашу бағытында қоғамдық және техникалық ғылымды теориялық және іс үстінде қолдану мәселелері» атты тақырыпта диссертация қорғады. Қырғызстанның ғалымдары ғылыми ізденісті жоғары бағалап, заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беруді бірауыздан қолдады.
Диссертацияның ерекшелігі сонда, ол ғылыми консультанттардың көмегінсіз қорғалуында, мұның өзі құқық қорғау ғылымы саласындағы өте сирек кездесетін құбылыс.
Өзі үш бөлімнен, 10 тараудан және 21 тармақтан тұратын ғылыми еңбекті қорғауға дейін посткеңестік елдердің бірнеше жоғары мектебіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне арнайы жіберіліпті.
Ғылыми еңбекпен танысқан Мәжі­ліс депутаты, заң ғылымдарының док­торы (з.ғ.д), профессор С.Бычкова, Конституциялық Кеңесінің төрағасы, з.ғ.д. профессор Қ.Мәми, Алматы қалалық сотының төрағасы, з.ғ.д., профессор Н.Әбдіханов, Жоғарғы Сотының мүшесі, з.ғ.д., профессор М.Таймерденов, Қарағанды қаласындағы «Болашақ» университетінің проректоры, з.ғ.д., профессор Б.Нұрғалиев ғылыми еңбектің өзектілігіне тоқталып, заңгерлердің жұмысында таптырмайтын құрал екенін айтады.
Сондай-ақ қырғызстандық ғалымдар К.Исаев мен В.Табылдиев, өзбекстандық ғалым Т.Ғаниева, ресейлік ғалым Е.Россинская, әзер­байжандық А.Зурапов, беларуссиялық ғалым С.Чушкевич процессуалдық-құқықтық классифи­кацияда және қылмыстық істерде ғылым мен техниканың барлық жетістіктерін қолдануды басшылыққа алғанын айтып, жоғары бағалайды.
Ұсынылған классификацияның маңызы сонда: біріншіден, қылмыстық істерді қарау барысында ғылыми-техникалық прогресстің барлық жетістіктерін пайдалану, екіншіден, осы жетістіктерге жетудің себеп салдарына нақты баға беру, үшіншіден, ғылыми-техникалық прогрессті болашақта жетістіктерге жету жолында белгілі бағытта қол жеткізілгендігінде, төртіншіден, ғылыми-техникалық прогресс пен қылмыстық істерді жүргізуде жүйеге нақтылық береді, бесіншіден, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктері құқықтық сауалдардың дұрыс шешімін табуда және күнделікті қолданысқа енгізуде таптырмас ғылыми еңбек.
Аталған еңбекте мұнан өзге кри­миналистикада кездесе бермейтін: кри­ми­налистік процесстердің өрбуі, интеграцияның дамуы мен ғылыми білімнің қалыптасуы, оның қылмыспен күресудегі маңызын арттыру, арадағы қарама қайшылықтар жоюды практика жүзінде іске асыру секілді басты мәселелерге арнайы тоқталған.
Еразақ Манапұлы осы диссертацияны жазу барысында АҚШ, Жапония, Қытай, Канада, Швейцария, Израил, Ресей, Нидерландыда өткен 50-ден астам халықаралық ғылыми конференцияға қатысып, баяндама жасаған. Оның 150-ден астам ғылыми еңбектері шетелдік ғылыми журналдарды жарық көрді.
Бұған дейін 8 монография, жалпыға бірдей 5 оқу құралы мен криминалистика мен сот сараптамасы туралы 2 оқулығы баспа көрді.
Осы орайда ауданымыздан шыққан Сұлтан Сартаев бастаған санаулы заңгерлер қатары тағы да бір ғалыммен толықты. Мұның өзі біздер үшін мақтаныш десек те артық емес. Өйткені жерлесіміз Еразақ Тілеубергеновтың жазған еңбектері заңгерлер қауымының кәсіби біліктілігін арттыруда және заң ғылымының дамуына айтарлықтай үлес қосады.
– Жеке бастың конституциялық мәрте­бесінің сипатты белгілері мен ерекшеліктерін талдау және оларды жүзеге асыру, қамтамасыз ету мен қорғау кепілдігінің құқықтық механизмін жетілдіру қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Адам құқын қамтамасыз ету – қазіргі Қазақстанның тұрақты даму стратегиясының шешуші бөлігі бола тұрғанда, судьяларымыз қара қылды қақ жаратын шындыққа екі тараптың да көзін жеткізетін болса, онда адам құқы – адам бостандығы, қауіпсіздігі кез келген өркениетті құқықтық мемлекеттің негізгі мақсаты және маңызды құралына айналары сөзсіз. Ғылыми еңбектерімді осы бағытта зарттеудемін, – дейді ғалым.
Адам құқы қазіргі қоғамды, мемлекет пен құқықты ұғыну үшін елеулі маңызға ие болғандықтан, ерекше назар аударуға лайықты. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын ғылыми тұрғыдан зерттеу заманауи заң ғылымының маңызды міндеті. Осындай міндетті абыройлы атқарып жүрген Еразақ Манапұлы академик Сұлтан Сартаевтың сара жолын лайықты жалғастыратыны сөзсіз.

Ерубай ҚАЛДЫБЕК
27 тамыз 2019 ж. 494 0