№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

№29 (8740) 13

13 сәуір 2024 ж.

№28 (8739) 9

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ҚЫЗЫЛҚҰМНЫҢ ҚАЙЫРЫМЫ

ҚЫЗЫЛҚҰМНЫҢ ҚАЙЫРЫМЫ


Жомарттық жасау кемел жүрек иесінің қолынан ғана келеді десек, жүрегіне нұр дарып, иманы орныққан кісілерді акцияға белсенді қатысуға үндеу тастайтынымыз анық. Себебі, дәулетті бола тұра маңызды шараға немқұрайлы қарайтындар аз емес. Ал ондай жандар «Қызылқұм» ЖШС мамандарынан үлгі алуы тиіс. Қандай шара болмасын мейлінше көмек көрсетуден қашпайтын аталмыш мекеме «Метепке жол» республикалық акциясының бел ортасынан табылды.
«Қызылқұм» ЖШС-нің «Қызылқұм» бас­тауыш партия ұйымының төрағасы Алдаберген Ыдырысов: «Бір-бірімізге қуаныш, бақыт, шаттық сыйлар жүрегіміз бен мейірімділігіміз сарқылмай, барынша аялы алақанымызды созып, бүкіл мекеме атынан үлкен қамқорлықты арқалап келіп тұрмын. Көмек қажет еткен адамға қашанда көмек көрсету азаматтық борыш деп санаймын. Бас директор Әлфараби Кенжебековтың да сәлемі бар», – деді БПҰ төрағасы.
Иә, аталған серіктестік ұжымы 100 балаға арнайылап әкелген мектепке қажетті құрал–жабдықтарын табыстап, жүзіне күлкі үйірлген жас өрендердің қуанышына куә болды.

ТҮЙІН. Қамқорлық жасау қайырымды қоғамның қағидасы десек, жүректерге қуаныш сыйлайтын қамқорлық акциясынан сіз де қалыс қалмаңыз, ағайын!

Лаура АЙДАРХАН
27 тамыз 2019 ж. 437 0