№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» "Мектепке жол" акциясы: бар жақсылық балаларға

"Мектепке жол" акциясы: бар жақсылық балаларға


«Жақсылық – жүректен», «Жанашырлыққа – жан риза» демекші, бүгінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасының балаларына қол ұшын созатын азаматтар мен мекеме ұжымдары жетерлік. Әсіресе солардың қатарында аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы және «Байкен-U», «Қызылқұм» ЖШС-ын айрықша атауға болады. Олар жыл сайын дәстүрлі түрде республикалық «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырумен қатар, қолдау көрсетіп келеді. Бұл үрдіс биыл да жалғасын тапты.

Әуелі акция аясында атқарылып жатқан жұмыстарды білмекке аудандық білім бөлімінің бас инспекторы Мира Жандарбекованы сөзге тарттық.
– Республикалық акция Жаңақорғанда дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Әрине, мұндай сауапты істерді үйлестіруде аудандық білім бөлімі мне кәсіподақ ұйымының өзіндік орны бар. Жаңа оқу жылына байланысты оқу құралдарымен қамтылу жөнінде бізге 300-ге жуық өтініш келіп түсті. Айта кететіні, біздің мекемеден бөлек өндіріс орындарынан «Байкен-U», «Қызылқұм» ЖШС-гі де тұрақты көмектерін аямай, балаларды қуантуда белсенді атсалысып келеді, – дейді бас инспектор.
Маманның сөзінше, жоғарыда аталған 254 өтініш иесінің мұқтаждығы қанағаттандырылып, қалғанын керекті жабдықтармен қамтамсыз ету үшін мектептерге хат арқылы жолданған екен.
Жақында ғана біз де сондай қамқорлық шарасының куәсі болдық. Кенттегі №110 мектеп-лицейінің акт залында аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ ұйымының демеушілігімен ұйымдастырылған шарада 52 бала сөмке мен жазу-сызуға қажетті құралдармен қамтамасыз етілді. Аудандық Кәсіподақ ұйымының төрағасы Елшібек Сатершинов акцияға атсалысқан қам­қор жандарға ризашылығын білдірді.
Өз кезегінде көп балалы ана Алмагүл Қалдыбаева: «Осылай жомарттық танытып, мұқтаж адамдардың керекті заттарын үлестіру де үлкен көмек. Кейбір қалталы азаматтарға үлгі боларлықтай сауапты іс жасағандары үшін рахметімді айтамын», – деді ұйымдастырушы тарапқа.

---
27 тамыз 2019 ж. 1 142 0