№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚАМҚОРЛЫҚ ҚАНАТТАНДЫРАДЫ

ҚАМҚОРЛЫҚ ҚАНАТТАНДЫРАДЫ

Қайырымдылық жасау ізгіліктің бастауы. Қай қоғамда болмасын әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созу үлкен парыз саналады. Сондықтан, Республикалық «Мектепке жол акциясы» жаңа оқу жылына қарсаңында Жаңақорған ауданында да басталып кетті. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ұйытқы болған шараға «Қызылқұм» ЖШС демеушілік жасады. Қайырымдылық акциясы аясында аудан бойынша әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыдан шыққан 40 балаға мектепке қажетті қолдау көрсетілді.
Шараның маңыздылығына тоқталған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев:
– Жетекші партия қашанда қоғамда кедергісіз келешек қалыптастыруға ұйытқы болуда. Мұқтаждың қасынан табылып, тұрмысы тұралаған отбасын демеп жіберіп, ізгілікті істердің басынан табылып жүр. Бүгінде аудандағы ірі өндіріс ошағының бірі – «Қызылқұм» серіктесігі басшылығы ұсынысты қабыл алып, қаржылай қолдау көрсетіп отыр, – деді Мәжит Балқожаев.
Мұнан кейін, «Қызылқұм» ЖШС «Хорасан-І» кеніші директорының орыбасары Асхат Нетбаев пен «Қызылқұм» бастауыш партия ұйымының төрағасы Алдаберген Идрысов серіктестік қашанда қамқорлық шараларына белсенді түрде атсалысатынын жеткізді.
– Жыл сайын елімізде жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізу дәстүрге айналған. Бұл шарадан өңірдегі өндіріс орнының бірі болып табылатын «Қызылқұм» серіктестігі қалыс қалмақ емес. Аудандық білім бөлімі мен жетекші партия арқылы 100 балаға мектепке қажетті құрал жабдығын үлестірдік. Бұлда болса, келешегі білімді ұрпақтың қалыптасуына өзіндік септігін тигізері айқын, – деді «Қызылқұм» ЖШС «Хорасан-І» кеніші директорының орыбасары Асхат Нетбаев.
Мұнан кейін ұйымдастырушы тарап ауыл-аймақ жиналған 25 бала мен кент орталығынан келген 15 балақайға мектепке қажетті сөмкелерін үлестірді. Жүздеріне шаттық ұялаған жас өрендер мен олардың ата-аналары ел ағаларына ризашылықтарын жеткізді.
– Шыны керек, біздер үшін бұл үлкен көмек. Барлығына алғысым шексіз. Балаларымның қуанышында шек жоқ. Осындай қамқорлық шаралары жалғасын тауып, өзге де мұқтаж жандарға бұйырса деген тілегіміз бар, – дейді асыраушысынан айрылған жас ана Ләззат Жүнісова.
Түйін орнына. Қолда барымен бөлісу – бұлда бір жомарттық. Тек мекеме басшылары ғана емес, жүрегінде иманы бар әрбір тұрғын қайырымдылық шарасына риясыз қатысып, азаматтық танытса нұр үстіне нұр. Себебі, жердегі бір мұқтажға жәрдемдессек, көкте мың періште қуанады. Бұлда болса, сауапты істің сансыз нығметі болары сөзсіз.
Самат ОҢҒАРҰЛЫ.
19 тамыз 2018 ж. 1 128 0