№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Балалар жүрегіне қуаныш сыйлайтын акция

Балалар жүрегіне қуаныш сыйлайтын акция

«Жанашырлыққа – жан риза» дегендей, бізде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға қамқорлық танытып жүретін азаматтар баршылық. Сондай жүрегінде жылуы бар жандар «Мектепке жол» акциясына белсенді қатысып, қайырымдылық көрсетіп жүреді. Осы үрдіс биыл да жалғасын табуда. Атап айтқанда, «Қызылқұм» ЖШС, «Байкен-U» ЖШС оқушыларға материалдық көмек көрсетті.
ҚЫЗЫЛҚҰМНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫ
Мұндай игілікті іске №163 мектепте өткен шарада куә болдық. Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шарада серіктестік 60 оқушыға қаржылай көмек көрсетті. Ата-аналар мен ұстаздар қатысқан шарада аудандық білім бөлімінің бас инспекторы Мира Жандарбекова:
– Республикалық акция Жаңа­қорғанда дәстүрлі жолын тауып келеді. Әрине, мұндай сауапты істерді үйлестіруде аудандық білім бөлімінің өзіндік орны бар. Бірақ, қалталы азаматтар мен басшылардың барлығы бірдей үндеуді қолдай бермейтіні жасырын емес. Кейбір мектептер мұғалімдердің көмегінін арқасында орындап жатады. Аудандағы ірі өндіріс ошағының бірі – «Қызылқұм» ЖШС басшылығы ұсынысты қабыл алып, қаржылай қолдау көрсетіп отыр, – деді.
Орайы келгенде айта кеткен жөн, жомарттық жасау кемел жүрек иесінің қолынан ғана келеді. Сондықтан жүрегіне нұр дарып, иманы орныққан кісілерді акцияға белсенді қатысуға шақырады. Себебі, дәулеті жете тұра маңызды шараға немқұрайлы қарайтындар аз емес. 
Шара соңында «Қызылқұм» ЖШС «Хорасан-І» кеніші дирек­торының орынбасары Асхат Нетбаев қамқорлық шараларына белсенді атсалысуға әрдайым дайын екенін жеткізді. 
– «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізуге үнемі қатысып, мұқтаж отбасыларына көмек қолын созу дәстүрге айналып келеді. Бұл – біздің мекеме үшін абыройлы іс. Сондықтан, «Қызылқұм» серіктестігі қандай қайырымдылық шарасы болмасын қалыс қалмауға тырысады. Аудандық білім бөлімі мен жетекші партия арқылы 100 балаға мектепке қажетті құрал жабдығын үлестірдік. Жуырда бас партияның аудандық филиалында 40 оқушының қуанышына куә болсақ, енді міне қалған 60 балаға шаттық сыйлауға келдік. Мұның барлығы білімді ұрпақ тәрбиелеуде үлкен сеп болса деген ниетте жасалынып жатқан қамқорлық, – деді директордың орыбасары.
Жылы лебізден кейін ұйым­дастырушылар ауыл-аймақ­тан және кенттен келген 60 оқушыға мектепке қажетті сөмкелерін үлестірді. Көңілдері жадырап, жүздеріне шаттық ұялаған жас өрендер мен олардың ата-аналары қайырымды азаматтарға ризашылықтарын жет­кізді.
– Осындай қысылтаяқ шақта мұндай жомарттық пейіл біздер үшін үлкен көмек. Алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Балалардың қуанышында шек жоқ. Осындай шаралар әрдайым жалғасын тауып, өзге де мұқтаж жандарға бұйырса деген тілегіміз бар. Ең бастысы балалардың білімге деген құштарлығы артса болғаны, – дейді Көктөбе ауылынан келген қамқоршы ана Жайсанкүл Күзербай.
БАЙКЕННІҢ
БЕРЕКЕТІ
«Байкен-U» ЖШС-де қамқорлық акцияларынан қалыс қалған емес. Жалпы, әлеуметтік жауапкершілікті сезінетінін көрсетіп келеді. Оған дәлел көп. Биыл әлеуметтік жағдайы төмен 20 баланы жазғы лагерьге жіберді. Ұлы Жеңіс күні соғыс ардагерлеріне сый-сияпат жасады. Ал, акция аясында 100 оқушыға мектеп жабдықтарын үлестірді.
№163 мектепте өткен шарада «Байкен-U» ЖШС бас директорының кеңесшісі Гайдулла Зинуллаев:
– Бір-бірімізге бақыт сыйлар жүрек жылуымыз, мейірімділігіміз сарқылмай, аялы алақанымызды, қолұшымызды созып, қайырым­дылық жасап, көмек қолын күткен әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялату әрбір азаматтың борышы. Осыны басшылыққа алған серіктестіктің басшылығы қамқорлық акцияларына белсенді қатысып келеді, – деді.
Аудандық білім бөлімінің бас инс­пекторы Мира Жандарбекованың сөзінше, «Қамқорлық» акциясы жыл сайын өтетін қайырымдылық шаралардың біріне айналыпған. Басты мақсаты – тұрмысы төмен, көп балалы және жетім, мүгедек, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету және қолдау көрсету болып табылады. Сонымен қатар әлеуметтік себептерге байланысты мектепке баруға мүмкіндігі болмай қалатын балаларды алдын ала анықтап, оларға жәрдем беру.
Жайылмалық Клара Шайменова ата-аналар атынан қайырымдылық акциясына қатысқан серіктестікке алғысын білдірді.
ТҮЙІН. Бір ай ішінде әлеуметтік қолдауға зәру балаларға барынша көмек көрсетуге және барша жаңақорғандықтарды қайырым­дылық акциясын қолдауға шақы­рамыз. Өйткені, қамқорлық жасау қайырымды қоғамның қағидасы деп білеміз. Ендеше, жүректерге қуаныш сыйлайтын қамқорлық акциясынан қалыс қалмаңыздар...
Әлібек ТЕМІРБЕК.
25 тамыз 2018 ж. 1 485 0