№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ҚЫЗЫЛҚҰМНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫ

ҚЫЗЫЛҚҰМНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫ


Қайырымдылық – қазақ халқының ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей әлеуметтік жағынан аз қамтылған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, жүрек жылуын ұсынып, сауабы мол іске атсалысу әрбір жанн
ың азаматтық парызы. Осындай азаматтық парыздың биігінен көрініп жүрген «Қызылқұм» ЖШС биыл да дәстүрлі шараға демеулік жасап, игі істің басы-қасында жүр. Республикалық «Мектепке жол акциясы» аясында жаңа оқу жылы қарсаңында аудандық білім бөлімінің ұйытқы болуымен өткен «Жүрек жылуы балаларға» атты шарада 100 оқушы мектепке қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етілді.
«Қызылқұм» серіктестігі №163 орта мектепте өткен игі шарада 60 оқушыға қаржылай көмек қолын созды. Ата-аналар мен мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысқан шарада аудандық білім бөлімінің бас инспекторы Мира Жандарбекова:
– Әрине, бұл республикалық акция Жаңақорғанда жыл сайын дәстүрлі жолын тауып келеді. Бұл ең алдымен балалардың келешегіне үлкен үмітпен қарауына жәрдемші болып, білімге деген құштарлығын ояту деп қарауымыз керек. Келешекке кемел қадам бүгіннен басталады, сондықтан білім бөлімі ұқтаждың қасынан табылып, тұрмысы тұралаған отбасын демеп жіберіп, ізгілікті істердің басынан табылып жүр. Бүгінде аудандағы ірі өндіріс ошағының бірі – «Қызылқұм» серіктесігі басшылығы ұсынысты қабыл алып, қаржылай қолдау көрсетіп отыр. Рақметіміз шексіз, – деді осындай игі істің басы-қасында жүрген Мира апай.
Орайы келгенде айта кеткен жөн, жомарттық жасау үлкен істен емес, жүректің жылылығынан бастау алады. Сондықтан, мүмкіндгінше қолда бармен бөлісіп, тек ірі мекеме басшылары ғана емес, жүрегінде иманы бар әрбір жаңақорғандық тұрғын қайырымдылық шарасына қатысса деген ниет бізде. «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» демекші, балалар бүгініне барынша қамқорлық көрсетіп жүрген азаматтар бар әрине. Алайда, бас инспектордың беделді азаматтарға реніші барын да жасырмады. Расында, шамасы жетіп балапандарға қол ұщын созбау азаматтыққа сын. Әрине, әркім пейіліне, қолындағы барына арқа сүйейді ғой.
Шара соңында «Қызылқұм» ЖШС «Хорасан-І» кеніші директорының орыбасары Асхат Нетбаев пен мекеменің бөлім бастығы ізгі тілегін білдіріп, серіктестік осындай қамқорлық шараларына белсенді атсалысуға әрдайым дайын екенін жеткізді.  
– «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізуге үнемі қатысып, мұқтаж отбасыларына көмек қолын созу дәстүрге айналып келеді. Шүкір дейміз. Бұл ең алдымен біздің мекеме үшін абыройлы іс. Сондықтан, «Қызылқұм» серіктестігі қандай қайырымдылық шарасы болмасын қалыс қалмауға тырысады. Аудандық білім бөлімі мен жетекші партия арқылы 100 балаға мектепке қажетті құрал жабдығын үлестірдік. Жуырда бас партияның аудндық филиалында 40 оқушының қуанышына куә болсақ, енді міне қалған 60 балаға шаттық сыйлауға келдік. Мұның барлығы білімді ұрпақ тәрбиелеуде үлкен сеп болса деген ниетте жасалынып жатқан қамқорлық, – деді директор орыбасары Асхат Нетбаев.
Жылы лебізден кейін ұйымдастырушылар ауыл-аймақтан және кенттен келген 60 балақайға мектепке қажетті сөмкелерін үлестірді. Көңілдері жадырап, жүздеріне шаттық ұялаған жас өрендер мен олардың ата-аналары ел ағаларына ризашылықтарын жеткізді.
– Тағдыр болғасын басқа салғанын көресің, осындай қысылтаяқ шақта мұндай жомарттық пейіл біздер үшін үлкен көмек. Алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Балалардың қуанышында шекжоқ. Осындай шаралар әрдайым жалғасын тауып, өзге де мұқтаж жандарға бұйырса деген тілегіміз бар. Ең бастысы балалардың білімге деген құштарлығы артса болғаны, – дейді көп балалы ана.
Сондай-ақ, келесі күні «Байкен-U» ЖШС-де 100 оқушыға мектеп жабдықтарын үлестіріп берді. Қорыта айтқанда, қазақта керемет сөз бар ғой «кең болсаң кем болмайсың» деген. Сондықтан, кішкентай да болса кеңдік танытып, балалардың көз қуанышына куә болу үлкен бақыт емес пе?!
Әлібек ТЕМІРБЕК.
25 тамыз 2018 ж. 1 068 0