№84 (8795) 22

22 қазан 2024 ж.

№83 (8794) 19

19 қазан 2024 ж.

№82 (8793) 15

15 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Ұлыстың ұлы күні – Ұлы істің бастауы

Ұлыстың ұлы күні – Ұлы істің бастауы


«Көп түкірсе – көл». Осы тәмсіл тереңіне үңілген «Нұр Отан» партиясы «Кедергісіз келешек» жобасы аясында «Ұлыстың ұлы күні – Ұлы істің бастауы» тақырыбында қайырымдылық акциясын өткізді. Акцияға аудандық партия филиалы жанындағы «Қызылқұм» бастауыш партия ұйымы демеушілік жасап, Жаңақорған ауданының тұрғындарын наурыз мерекесімен құттықтады. «Қызылқұм» ЖШС «Хорасан 1» кеніші директорының орынбасары Асқат Нетбаев: «Наурыз мерекесі игі істердің бастауы деп білеміз. Халықтың көңілін жадыратып, аз да болса көмек қол созсақ, біздің азаматтық айбынымыз асқақтайды. Бұл жаңа күннің, жаңа қадамның құрметіне жаңа жылдық сый. Ел аман, жұрт тыныш болсын», – деді. «Қызылқұм» бастауыш партия ұйымының төрағасы Алдаберген Ыдырысов пен Мәжит Балқожаев шараға келген жандардың отбасына береке-бірлік тіледі. Аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі жандарға тұрмысқа керекті азық түлік үлестірілген қайырымдылық шарасында ұн, күріш, сұйық май, макарон, құмшекер сынды азық түліктерді 50 отбасыға табыстады. Әлеуметтік көмекке қол жеткізген жаңарықтық Гүлбахар Оразова: «Халықты елеп-ескеріп, рухани күш беріп, қолдан келгенше демеушілік жасап жүрген өндіріс басшыларына, ел тізгінін ұстаған азаматтарға алғыс айтамын, – деп толқынысын жасырмады.
Одан кейін партия филиалының ғимаратында дастархан жайылып, мереке тойланды. Дастархан басынан аудан әкімі Ғалым Әміреев қонақ болып, партия жұмысын жоғары бағалайтынын, халықшыл бастамаларын қолдайтынын жеткізді.

Жұпар ШАЙМЕРДЕНОВА.
27 наурыз 2018 ж. 1 160 0