№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ДАЛАНЫ ДҮБІРЛЕТКЕН ДУМАН

ДАЛАНЫ ДҮБІРЛЕТКЕН ДУМАН



Атыз-атызда дәнге толып, сабағы майысып, диқаншыларға иіле ілтипат көрсеткен Сыр маржаны құдды мехнатты тірліктің көрінісіндей. «Дән болса, ән болады» демекші, мұндай дала мен диқанды қуанышқа бөлеген мерейлі мерекеде ауданның мәдениет майталмандары өнер көрсетіп, күріштікті әсем әуенмен әуелетті.
Қашанда рухани-мәдени шаралардың төрінен табылатын Зульфия Шалабаева, Жәнібек Сыздықов және отбасылы өнерпаздар Кенже мен Сайран Ділмановтар, қазақы әндердің әсемдеп шырқаушысы Құралай Әлиева егіс алқабында әуелетін ән салса, өнер жолында өзіндік жолын салып келе жатқан жігерлі жастар Тоқтар Әжімұратов, Айдарбек, Жасдәурен, Балауса Мәдіханқызы, Абдурашит Әбдіқадыровтар мереке мәнін кіргізді. Өнердің шегі жоқ деген осы болар, сірә! Аудан өнерпаздары қысы-жазы, күндіз-түні мәдени-рухани шаралардың басынан табылатыны сынды бұл жолы да диқаншы қауымды бір серпілтіп, ала жаздай еткен мехнатты бір сәтке ұмыттырғандай.
Құлақ құрышын қандырар әсерлі әуенмен атыздарды аралап, күріштікпен таныса жүріп, нағыз қара бейнет, маңдай терді сарқап жұмсаған шаруашылықтың диқаншысымен жолығудың да сәті туды.
  • Бұл күріштіктегі сабағы толған дән көз тартып тұрғанымен, артынада өлшеусіз бейнет, қажырлы қайрат пен ұжымның маңдай тері жатыр. Ерте көктемнен бастап, егістікке жерді дайындасақ, аптап ыстықтарда егіс даласын қорып, бүгінгі нәтижелі күнге жеттік. Биыл ауа-райы жылдағыдан ерекше ыстық болды, соның нәтижесінде күріш те ерте пісті. Енді осы өнімді жауын-шашынға қалдырмай, мезетінде жинап алу міндетіміз, – деді Азамат Жұмантаев.
23 тамыз 2019 ж. 563 0