№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Мәдениет майталмандары марапат биігінде

Мәдениет майталмандары марапат биігінде


Ауданның қоғамдық-саяси, әлеуметтік дамуына мәдениет мамандары сүбелі еңбек сіңіріп келеді. Күн-түн демей, мерейлі мерекелерде жүйелі жұмыс жасап, өнердің қайнар бұлағын паш етіп жүрген майталмандарды марапаттау «Мәдениетім – мәртебем, өнерім – өмірім» атты салтанатты шарада бастау алды. Халықаралық мәдениет және өнер қызметкерлері мерекесіне арқау болған игі шара сала мамандарына қуаныш сыйлап, еселі еңбектің еленуіне жол ашты.


Мәдениет. Өнер – мәңгілік сарқылмас өмір­шең өлке. Өнер өзін шынайы сүйген жан­ға бұйырады, ал мәдени маман болу – кәсібиліктің белгісі. Жаңақорған өнерінің қалың қазаққа жетуіне ықпал жасаған Манап Көкенов, Бексұлтан Байкенжеев, Төлеп­берген Әбдіраш сынды ұлы тұлғалар аудан мәдениетінің бастауы. Осынау өмірден өтсе де, өнері өшпес тарихи тұлғаларды еске алумен басталған жиында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Сопбеков:
– Елдің дамуы жеке тұлғаның дамуымен байланысты. Ал, өскелең ұрпақты тәрбие­лейтін, алға жетейлейтін негізгі күштің бірі – мәдениет мамандары. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт ең алдымен, тарихымен, мәде­ниетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға­ларымен мақтанады», деген болатын. Осы тұста ауданда өтіп жатқан мәдени-рухани шаралардың ұйытқысы болып жүрген өнер қызметкерлерін шын жүректен төл мерекемен құттықтаймын, – деді.
Мерейлі мереке әрі қарай мәдениет саласында елеулі еңбек етіп жүрген кәсіп иелерін құттықтаумен жалғасты. №1 кенттік кітапхананың кітапханашысы Сабира Нұғма­нова «Қазақстан салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіп­тік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Ал, «Елеулі еңбегі үшін» мәдениет медалі және аудан әкімінің «Алғыс хатына» Мәдениет Тотаев пен Рыскүл Ұлықпанова ие болды. Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжат­тама басқармасы басшысының «Алғыс хатымен» Манап Көкенов атындағы мәдениет үйінің әдіскері мен ән үйірмесінің жетекшісі Шарбану Тұрсынбайқызы марапатталды. Ал, облыстық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы­ның «Алғыс хатымен» Сүттіқұдық ауылдық клубының сүйемелдеушісі Айнагүл Әріпқызы мен әбдіғаппарлық сүйемелдеуші Аманжол Асанханұлы марапат биігінен көрінді. Қазақстан Республикасының Ұлт­тық Кітапханасының «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелігісімен Күлайна Ахметжанова марапатталды. Келесі кезекте, аудан әкімінің «Алғыс» хаты» бір топ сала мамандарына табысталды. Салтанатты шарада сөз алған «Нұр Отан» партиясының аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев мерейлі мерекемен мәдениет майталмандарын құттықтай келе, білікті мамандарға «Алғыс» хатын табыстады. Әрі қарай облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюсерлік орталығы мен аудандық мәдениет қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Алғыс хатымен ауылдық кітапхана, клуб үйінің мамандары мадақталды.
Иә, өнер – ұлттың жаны. Руханияттың алтын діңгегі. Ал, рухы мықты, тамыры терең ел ешқашан тарих сахнасынан сөнбек емес. Осындай құдіретті өнерді кие тұтқан сахна саңлақтарының өнердегі жұлдызы қашанда жарық. Төл мерекесінде ерекше лебіз, құттықтауға ие болған өнер иелері әрі қарай әуезді әннен шашу шашып, мың бұрала билеп, көңілді ойындармен көпті таңғалдырды.
– Бүгінгі мереке – жыл бойы еткен еңбек­тің еленуіне жол ашты. Арнайы «Алғыс» хат пен сый-сияпатқа кенеліп, қуанышқа бөлену­деміз. Мәдениет мамандарына көрсетіліп жатқан осынша құрмет пен мадақ үшін аудан басшылығына алғаусыз алғысымыз шексіз, – дейді Сүттіқұдық ауылдық клуб үйінің сүйемелдеушісі Айнагүл Ишанова.

P.S:. Өнер – өміршең өлке. Талантты мен талаптыға ғана бұйырған қасиетті киені абыроймен көтере білу нағыз өнерлінің ғана қолынан келеді. Қорыта айтқанда, ел мәдениетінің асқақтауына сүбелі үлес қосып, елеулі еңбек етіп жүрген мәдениет мамандары қашанда құрмет пен мерейлі мадаққа лайық.

Ханзада ДОШАН.
25 мамыр 2019 ж. 1 165 0