№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Латын әліпбиіне тәуелсіздік алғанда көшу керек еді

Латын әліпбиіне тәуелсіздік алғанда көшу керек еді



Рухани жаңғырып, әлемде өзіндік кемелдену жолын табуда әр ұлтқа көптеген фактор әсер етеді. Соның ішіне жазу жүйесін реформалауды да қосу керек. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің кестесін жасап, әдістемелік жұмыстар жүргізуді қадап айтты. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды  Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Қызылорда облысының тілдерді дамыту орталығы» КММ-нің оқытушысы Айгүл Төлепбергеновадан білген едік.
– Жазу дегеніміз – әріптердің жиынтығы ғана емес, ұлттың өзіндік болмысын танытатын таңбалар жүйесі, ұлттық кодтың кілті. Осыдан-ақ әліпбиді реформалаудың маңызын түсінесіз. Түркия  елі жаңғыру, жаңару жолында осындай жолдан өтті. Жалпы жазудың өзгертілуі ұлттың қоғамдық өмірінің барлық саласына: рухани әлеміне, мәдени деңгейіне, тіпті әлеуметтік психологиясына әсер етеді. Мұны Түркияның даму жолынан аңғаруға болады, – деп бастады әңгімесін тіл маманы.

– Латын әліпбиіне көшудің тиімді тұстарын атап өтсеңіз?
– Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Орыс экспансиясына қорған болады яғни орыс тілінен енген сөздерді төл дыбыстардың заңдылығына бағындырып, терминология сала­сын қалыптастыруға болады. Құлдық психологияның қамытынан құтылудың төте жолы. Түркі тілдес ұлттармен рухани-мәдени тығыз қарым-қатынас жасауға септігі көп. Бір сөзбен айтқанда, ұлттық болмыс-бітім мен қабілет-қасиетімізді жаңғыртудың ұтымды тәсілі.
– Маман ретінде айтыңызшы, латын әліпбиін толығымен үйрену қаншалықты қиындық тудырады?
– Қоғамда  латын алфавитін меңгере алу-алмау қорқынышы жоқ емес. Меніңше, латын әліпбиін үйренудің еш қиындығы жоқ. Жастар ұялы телефон арқылы хат алмасқанда латын қарпін қолданып жүр. Аға буын да латын графикасын тез меңгеріп кетеді деп нық сеніммен айта аламын. Курстық сабақтарда соған көзім жетті.
– Латын әліпбиіне көшсек нені ұтамыз, неден ұтыламыз?
– Ал, «латынның бізге берері не?» дегенде, толып жатқан тиімді тұстарын көрсетуге болады. Мысалы, «Үштұғырлы тіл» саясатын жүзеге асыру бағытында ел бойынша ағылшын тіліне көп назар аударылып келеді. Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу дегенді білдіреді. Оған қоса, ағылшынша білсең – әлемдегі ең үздік, ең беделді жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндігің мол. Осы орайда, латын әліпбиіне көшуді шет тілдерін жоғары дәрежеде игерумен байланыстыруға болады. Бұл өте ұтымды тұсы.
– Өзіңіздің латын әліпбиіне кө­шудегі көзқарасыңыз қандай? Ауданда латын әліпбиін меңгеру деңгейі қандай?
– Өз басым латын әліпбиіне тәуелсіздік алған жылдары көшу керек еді деп ойлаймын. Ертерек қолданысқа енгізгенде латын әліпбиін пайдаланатын түркі тілдес халықтармен қарым-қатынасымыз әлдеқайда жеңілдей түскен болар еді. Қазіргі уақытта №14 өрт сөндіру бөлімінің 13 қызметкерін оқытудамын.
– Сұхбатыңызға рахмет!

Лаура БИБАСАРОВА
18 тамыз 2019 ж. 714 0