Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әліпби – ұлт таңбасының тұғыры

Әліпби – ұлт таңбасының тұғыры


Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қамтылған бағыттар бойынша қоғамда ұлттық консенсус толық қалыптасып келеді. Соның бірі латын тіліне өту туралы мәселе. Бүгінгі латынға көшу саясаты отарлық қалыптан шығу мұратын көздейді. Кезінде ұлтқа жасалған қиянаттың орнын толтырады.
Қазақ тілінің жаңа Әліпбиге көшуі – Тәуелсіз мемлекет пен қазақ қоғамының таңдауы. Бұл туралы қазақ зиялылары ертеден айтып келеді. Латын әліпбиіне көшуге қатысты үлкен мәселенің бірі – әліпби нұсқасын таңдау. Зиялы қауым өкілдері латын әліпбиінің артықшылықтарын, әлемдік ақпарат кеңістігіне шығаратын төте жол екенін, әлем халықтарының 80 пайызы қолданатын әлемдік жазу екенін, оған көшу заман талабы, бәсекеге қабілетті болу қажеттілігі, оған көшу қазақ тілін жаңғыртып, мемлекеттік тіліміздің мәдениеті мен мәртебесін көтеретінін, әлемдік өркениетке жетуге жол ашатынын, бүкіл әлем қазақтарын, түбі бір түркі дүниесін біріктіре түсетін аса зор, өте маңызды фактор екенін жан-жақты насихаттауда.
Ал енді әліпби жобасындағы әліпбидің бет-бейнесі қандай? Онда қазіргі қазақ тілінің төл дыбыстар толық және дұрыс таңбаланған ба? Үйренуге, үйретуге қолайлы ма?
Барлық дыбыстар тек қана латын әліпбиінің төл әріптерімен таңбаланған, сырттан алынған, латын жазуына жат бөтен дыбыстар жоқ. Қазақ тілінің Ахмет Байтұрсынұлы анықтап берген 28 төл дыбысы әліпби құрамында тұр. Қазіргі қазақ тілінің сөздік құрамында көптеген кірме сөздер бар екені белгілі. Олар өзімен бірге кірме дыбыстарды да ала келді. Сондықтан қазіргі қазақ тілінде төл дыбыстармен қатар в, ф, һ, ч сияқты кірме дыбыстар да бар. Мына әліпби жобасында осы әріптерді таңбалау тетіктері қарастырылған.
Әліпбиде қосарланған таңбалар, яғни диграфтар тым көпболғандықтан, бұл қосарланған дыбыстар тілімізде жиі қолданылады.
Ахмет Байтұрсынұлы: «Әліпби деген тілдің негізгі дыбыс­тарына арналған таңбалардың жұмағы. Неғұрлым тіл дыбыстарына мол жетсе, арналған дыбысқа дәл келсе, оқуға, жазуға жеңіл болса, үйретуге оңай болса, заманындағы өнер құралдарына орнатуға қолайлы болса соғұрлым әліпби жақсы болмақ», – деген.
04 қыркүйек 2018 ж. 1 053 0