№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Инвесторлар Жаңақорғанға қанша миллиард қаржы құйды?

Инвесторлар Жаңақорғанға қанша миллиард қаржы құйды?


Жаңақорған ауданы түрлі салада мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында пайдалануға берілетін әлеуметтік нысандар саны бойынша Сыр өңірінде бірінші орында. Бұл жөнінде аудандық мәдениет үйінде өткен облыстық форумда белгілі болды. Мұндай мәліметті облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшысы Раушан Демесінова баяндамасына арқау етті. Хош!


Әуелі «Мемлекеттік-жекешелік әріп­­­тестік – инвестиция құралдары­ның бірі» тақырыбында өткен облыс­тық форум қонақтары ауданда МЖӘ ая­сында салынған әлеуметтік ны­сан­­дармен танысты. Аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Сопбеков бас­таған делегация Сүттіқұдық ауы­лындағы спорт кешеніне барды. Гүлжайна Рысбаева басшылық ететін кешен 100 млн теңге қаржыға бой көтерген.
– Ауыл жастарының спортқа қы­зы­ғушылығы қалай?
– Өте жақсы. Бүгінде 280 бала осы кешенде спортпен шұғылдануда.
– Спорттық үйірме саны қан­ша?
– Қазір спорттың еркін күрес, ганд­бол, шахмат, тоғызқұмалақ, бокс түрлерінен ауыл жеткіншектері ше­бер­ліктерін шыңдауда.
– Штат саны жеткілікті ме?
– Иә, меңгеруші, әдіскер, жат­тықтырушылардан бастап, қарапайым техникалық қызметкерге дейін жалпы саны 16 адам жұмыспен қамтылған.
Бұл жас кәсіпкер Гүлжайна Рысбаеава мен «Қызылорда облы­сы­ның аймақтық мемлекеттік-жеке­ше­лік әріптестік орталығы» ЖШС-нің директорының орынбасары Дүйсенкүл Бейсенбаева арасындағы диалог.
Өз кезегінде облыстық денешы­нықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Серік Жұматов сүтті­құдықтық жас спортшылардан келе­шекте чемпиондар көптеп шығуына тілектестігін жеткізді.

***
Келесі бағыт Ақүйік ауылдық окру­гіндегі жақында ғана МЖӘ шеңберінде ашылған дәрігерлік-амбулаторияда облыстық делегация өкілдерін ау­дан­ның бас дәрігері Яхия Шорабаев күтіп алып, емхананың мүмкіндігімен таныстырды.
– Бүгінгі таңда әріптестік аясында бой көтеріп жатқан әлеуметтік нысан­дардың көш басында – денсаулық саласының емдеу мекемелері тұр. Жақын­да ғана аймақ басшысының қаты­суымен Өзгент және осы Бірлік ауылында дәрігерлік-амбулатория ашыл­ды. Құны 156 млн теңге бола­тын нысанның ішкі мүмкіндіктері өте қолайлы. Дәрігерлік қабылдау бөлмесінен бастап, екпе, ине шаншу, акушерлік бөлме мен физкабинеті бар. Бұл емдеу мекемесі Бірлік, Қыраш, Қосүйеңкі, Талап бекетін қоса алғанда 5500 тұрғынға қызмет етуге арналған, – деді бас дәрігер Яхия Қадырбекұлы.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бақыт Кеншімбаева мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынып жатқан нысандардың басым бөлігі – емдеу ұйымдары екенін тілге тиек етті. Бұған дейін Жаңақорған ауданында бірнеше елді мекенде медициналық бекет пайдалануға берілгенін мәлімдеді.
Форум қонақтары келесі кезекте ауыл ортасынан салынып жатқан спорт кешенінің құрылысына қанықты. Бүгінде төрт қабырғасы тұрғызылып, шатыры жабуға дайын тұрған кешеннің келешегі кемел. Өйткені, бұл ауылда еркін күрес шеберлерінің шоғыры қалыптасқан. Сондай жарық жұлдыздың бірі – Бейжің олимпиадасының қатысушысы Жасұлан Мұхтарбекұлы. Міне осындай балуандарды тәрбиелейтін бұл спорт кешені күз айында пайдалануға беріледі. Бұл жөнінде инвестор, жеке кәсіпкер Бақыт Берділлаев айтты. Осылайша қос тарапқа да тиімді әріптестік шеңберінде салынып жатқан нысандарды аралаған делегация өкілдері, М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйіне табан тіреді.


Әбдісамат ӘБДІШ
17 тамыз 2019 ж. 919 0