Сүттіқұдықта заманауи спорт кешені есігін ашты
Бизнес бұқаралық спорттың өрісін кеңейтуге қолдау көрсетті. Расында, Сүттіқұдық ауылдық округінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (МЖӘ) аясында заманауи спорт кешені есігін ашты. Салтанатты рәсімге облыс әкімі Қырымбек Көшербаев арнайы қатысты.
Мемлекет басшысының атқарушы билікке бұқаралық спортты дамыту бағытында берген тапсырмасы Жаңақорған ауданында тиянақты орындалуда. Қазір ондаған спорттық нысанның құрылысы жүргізілуде. Ал, сүттіқұдықтықтар көптен бері спорт кешенін салуды ұсынып жүретін-ді. Міне, көптің тілегі қабыл болды.
Ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтаса келген облыс әкімі Қырымбек Көшербаев заманауи нысаннан спорт саңлақтары тәрбиеленіп шығатынына сенім білдірді.
– Сыр өңіріндегі 264 елді мекенге қажетті әлеуметтік нысандарды бірден салып беру қиын. Оны бюджет көтермейді. Ал, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында қаржыны бөліп төлеу тиімді. Бір жағынан, мемлекет пен кәсіпкер арасындағы ынтымақтастық артады. Екінші жағынан, кәсіпкерліктің аясы кеңейе түседі...
Қазір облыстағы демографиялық ахуал өте жақсы. Жыл сайын 40 мыңнан астам адамға өсуде. Олай болса, әлеуметтік маңызды нысандарды салып, жас ұрпақтың бәсекеге қабілетті қалыптасуын басшылыққа алуымыз тиіс, – деді өңір басшысы.
Айта кететіні, аймақта екі жыл ішінде 16 спорттық ғимарат бой көтерді. Оның 9-ы МЖӘ аясында салынды. Бүгінде Қызылорда облысында МЖӘ аясында құны 34 млрд. теңгенің 75 жобасы жүзеге асырылуда.
Сүттіқұдық ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Биахмет Божанов заманауи спорттық нысанды салған кәсіпкерге, оған қолдау көрсеткен аудан әкімдігіне алғысын жеткізді. Әрі қазақ спортын әлемге әйгілі ететін азаматтар осы жерден түлеп ұшуына тілектестік білдірді.
Ел ағасы Қайрахман Бимырзаев:
– Ауыл мен қала өмірі теңесіп келеді. Оған спортшыға жан-жақты жағдай жасалған осы кешенді мысалға келтіруге болады. Құдай қаласа, Әлем, Азия чемпиондары шықсын... – деген тілегін жеткізді.
150 орындық жаңа спорттық-сауықтыру кешенінде 13 адам жұмыспен қамтылады. Онда жастар еркін күрес пен әйелдер күресі, тоғызқұмалақ, бокс және гандбол бойынша шеберліктерін шыңдайтын болады.
Спорт кешенінің директоры Гүлжайна Рысбаева:
– Негізгі мақсат – салауатты өмір салтын ұстануға, дені-сау ұрпақты тәрбиелеуге және бұқаралық спортты дамытуға үлес қосып, ауданның спорт мәдениетін жандандыру жұмыстарына дем беру. Спорт кешеніндегі әрбір зал санитарлық тораппен жабдықталған, киім шешетін және жуынатын бөлме бар.
Жалпы, екі блоктан тұратын кешенге 100 млн. теңге қаржы жұмсалды. Бұл біздің отбасының ауыл жастарының келешегіне құйған инвестициясы, – деді.
Ауыл жастарын еркін күреске баулып жүрген Қайназар Байтеміров кәсіпкерге, оны қолдаған әкімдікке алғысын жеткізді.
Иә, Сүттіқұдық ауылдық округінде заманауи талаптарға жауап беретін мектеп пен дәрігерлік амбулатория бар. Енді оған спорт кешені қосылды. Мұның бәрі жастардың бәсекеге қабілетті болуына жасалған алғышарттар...