№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Оқшау ой


Қазір рухани жаңғыруды көп көтереміз. Кейде бос даңғаза секілді көрінеді. Неге дейсіз бе? Ең бірінші, ұлттың ұятын, арын қайтаруы керек. Сонда ғана рухани жаңғыру жүзуге асады...

Қазақтың дәстүр дәреметі деген дауа ғой, бірақ жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренетін жағына келгенде ақсап қаламыз. Ұяттылау мәселе көбейіп кетті. Осы некеге отырмай нәрестелі болу нышан бергіш болып алды. Тіпті беліне бала байлап, «дайын» күйде тұрмысқа шығу үрдіске айналды. Бәлкім, бұған беташар жасаудың қажеті жоқ шығар. Өйткені беті ашылып келген жоқ па?
Рас, беташар жас келінге ауыл-аймақты, жақын-жуықты таныстыру салты. Алайда оның да өз талабы бар. Уыздай келін уылжып тұрған жемістей, ар-намысты сақтаған пәк қалыбымен жаңа ортаның босағасын оң аяғымен аттайды. Ал, аяғы ауыр «қыз» үшін бәрібір секілді. Себебі, болары болып, бояуы сіңіп қойған.
Дәл осындай жағдайды Еуропа ертерек бастан кешірді. Олар бұдан құтылудың амалын тауып жатыр. Қазір шіркеуде «ар ақылы» (целомудрие) дәстүрі жасалады. Осы дәстүрге қатысқан қыз некеге отырмайынша ер азаматқа ерік бермейді. Біздің мешіттер де осындай шара ойлағаны дұрыс шығар. Әйтпесе, бүгінгі беташардың барысы ойланарлық мәселе.

***
Бүгінгі басшы жұмыс тәртібін бұзғысы келмейді, бірақ... «бұзықтың басы» амал жоқтан болады. Оған кедергі көп.
Таң атты. Ұйқыдан тұрды. Жуынды-шайынды, шәйін ішті. Енді жұмысқа шығатын болар. Жо-о-о-қ. Қызметтік көлікті пайдаланып, баланы сабаққа, әйелді жұмысқа жеткізіп тастау керек. Сосын барып үлгереді.
Күннің көзі осылай ашылады. Ал күннің батуы мен таңның атуына дейін жан нәсіп. Әруақты Әуелбековтың кезінде тарамыстай тартылған тәртіп бар еді, көзі кеткен соң қалыптасып үлгерген бақылаудың белі босады. Әркім өз білгенімен кетті.
Басшы неге сағат тоғызда жұмысқа келмейді, көлігін неге бізге бермейді деп бірде-бір қызметкер оған қарсы сауал қоймайды, аш құлақтан тыныш құлақ. Осы «әдеп» қазақы ортаға тән дәстүрге айналғаны қашан...
Қылмыстың көкесі осы. Үйреншікті көрініс болғасын аңғармайды ешкім. Солай болуы шарт құсап тұрады. Мемлекет мүлкі жекенің жұмсауында жүргенін. Ал, басшының қылы қисаймайды, мемлекет «машинасы» әкесінің мұрасы секілді. Оңды-солды жұмсайды, жанар-жағар майды жағады, тіпті мекеме көлігі есебінен жеке көлігін шеберханаға жөндетіп алатын да бар... Бәрі тегін.
Жақында көрші облыстан жағымсыз ақпар келді. Қалай дейсіз ғой! Жұмыста жүрген жерлес басшы у-шу шығарыпты. Ол Қызылордада жұмыста жүріп көрші облыста қалай жанжал шығарды дейсіз ғой!
Мәселенің мәні былай: Әлгі басшы мамыр айында еңбек демалысына шыққан. Бірақ ауыс-түйіс, жарты жылдықты қорытындылау керек. Жұмыс шаш-етектен. Сөйтіп еңбек демаласы өтеді де кетеді. Адам темірден жасалмаған ғой. Шаршайды. Шалдығады. Сосын өзінің басшыларынан еңбек демалысының күндерін алуды қиыла өтінеді. Сөйтіп Каспийге тартып тұрады. Теңізге шомылады. Қазақтың демалысы ішімдіксіз өтпеуі тиіс емес пе? Достарымен аздап жүз грамдатады. Ақыры аяғы «атың шықпаса тоғай өртенің» кейпін киеді.
Тұңғыш Президент айтқандай, бәсекеге қабілетті кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру мәселесі, жоғарыдағы айтқандар жайлы ойлану керек секілді. Солай емес пе?

Ерасыл ШӘРІБЕК
24 шілде 2019 ж. 938 0