№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӘБІЛХАЙЫР ХАН ҚАЙДА ЖЕРЛЕНГЕН?

ӘБІЛХАЙЫР ХАН ҚАЙДА ЖЕРЛЕНГЕН?


Бүгінде Дәшті-Қыпшақтың билеушісі Әбілхайыр ханды «өзбек» халқын қалыптастырушы ретінде бағалап, танитындар бар. Шын мәнінде солай ма? Бұл жөнінде Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяған ұзақ жылдардан бері зерттеп жүр. Оның айтуынша, Әбілқайыр Арал теңізінен алыс емес жерде дүниеге келгенін, Тобылда (Түменде) таққа отырған және Сығанақта жерленген. Ханның қол астындағы халқы алашты құрайтын ру-тайпалар болғандықтан өзбекпен шатастырмау керек. Бұл жөнінде мақаладан оқи аласыздар...

Өкінішке орай отанымыздың тарихында ашылмаған парақтар мен құпиялар әлі де көп. Атақты тұлғалардың да тарихын зерттеуде әлі де сырларға толы. Осы күнге дейін Дәшті-Қыпшақтың билеушісі, «көшпелі өзбектердің» ханы (Б.Ахмадов бойынша) Әбілхайырдың да тұлғасы аз зерттелген. Бұл тақырып бойынша шығармалар XVI ғасырдың 20-40 жылдары, яғни, оның қайтыс болған уақытынан 50-60 кейін жазылған. Көбінесе шығармалар парсы тілінде, оның туып өскен жерлерінен алыс орналасқан жерлерде жазылған. Авторлардың мәліметі бойынша, Шынғысханның ұрпағы, Даулет-Шеихтың (Шахтың) ұлы Әбілхайыр Жайық өзеніне алыс емес жерде дүниеге келген, 16-17 жасында Тобыл өзенінің бойында хан болып сайланған. Кейіннен ол біршама уақыт Чинга-Турада (қазіргі Тюмень) болып, Сібірде тұрады. XV ғасырдың 40-шы жылдары өз жақтастарымен солтүстікке, Атбасар жеріне көшеді. Осында, оның соңынан көшпелі қалашықтар – Орда-базарлар ауып келеді. Өлкетанушылармен бірігіп Атбасарға жасаған экспедициямыздың барысында Әбілхайырдың мекені болуы мүмкін «Тоқтамыстың Ордасы» табылды. Біздің пайымдауымызша Әбілхайыр біршама уақыт Жошының мавзолейіне жақын жерде Ұлытау тауларында өмір сүрді. Жылнамашылар ол «қазақылады» деп жазған. Махмуд Кухистаныдің мәліметі бойынша, 1446 жылы Әбілхайыр Сығанаққа кіріп, кейін Түркістан өлкесін бағындырды. Қазіргі таңда бұл Қызылорда мен Түркістан облысының аймағы. Осы жерлерден Әбілхайыр өзінің «жеңіс әкелуші әскерлерімен» бірнеше мәрте Хорезм мен Самаркандқа жорықтар жасап отырды. Бірақ, қайтадан Дәшті-Қыпшаққа, Сырдың жағасына, Сығанаққа оралып отырды. Осы кезеңде де 1460 жылдары Әбілхайыр мен Шыңғыстың ұрпақтары, Орда-Еженнен тараған Керей мен Жәнібек сұлтандардың арасында атақты қақтығыс болды. Белгілі болғандай, сұлтандардың Моғолстанға, Есен-Бұғаға көшуі Қазақ хандығының құрылуымен аяқталады.
Авторлардың (Масуд Кухистани, Махмуд Вали) мәлімдеуінше, Әбілхайыр әскери жорыққа дайындық барысында 1468/1469 жылдары Көк-Кесене деген жерде ауыр науқастан соң дүние салады. Бұл жер қазіргі Қызылорда облысы, Жаңақорған кентінен 40 шақырымда орналасқан. Шайбандық хан Әбілхайыр қазақ пен өзбек халқының ортақ билеушісі болып саналады. «Көшпенді өзбектердің» кетуі Әбілхайырдың уақтысында емес, ол дүние салғаннан 30 жылдан кейін болды. 1500-ші жылдары ханның немерелері Мұхаммед пен Махмуд Самаркандқа «кетіп», ол жақтан Темірдің ұрпақтарын ығыстырады.
Орынбордағы музей сақтаушысы Иосиф Кастанье 1910 жылдары жазылған «Надгробные сооружения киргизских степей» атты еңбегінде Көк-Кесенені жартылай бұзылған, бірақ «атақты тұлғаға» арнап тұрғызылған кезінде керемет ескерткіш болған деп жазып кеткен. А.Якубовский «Көк-Кесене сәулет ескерткіші Шибан әулетінен тараған ақордалық хандардың қорымы болып табылады» деп жазған. Көк-Кесене мавзолейнің қабырғаларында және ішкі беттерінде жазулар болған. Бұл жазуларды қайта жаңарту (реконструкция) арқылы ондағы жерленгендердің есімдерін анықтауға болар еді. Бұл жазуларды жаздырып алған В.Каллаур ешбір жерде жарияламады. 4 адамнан құрылған экспедиция барысында бұл мақала авторы 2018 жылдың тамыз айында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында Әбілхайырға арнап тұрғызылған деген осы бейітті зерттеді. Қазіргі таңда бұл бейіт кейіңгі зираттың арасында қалып кеткен. Бүгінде бұл зират «Көк-Кесене зираты» деп аталады. Бейіттің киелілігін және жергілікті халықтың бабалардың бейітіне құрмет тұтатындығын ескере отырып, мұнда Әбілхайыр хан жерленген деп негіздеуге болады. Бұл зират Сығанақ қалашығынан 6-7 шақырымда орналасқан, ал оның арғы жағында, осыншама қашықтықта Сырдария ағып жатыр. Мұнда XV-XVI ғасырға тәріздес көк аспан түсте боялған қыштар көп.
Бұл жерде көне Сығанақтың да қиранды орны көрінуде. Атап айтарлығы, мұнда өмір сүріп жатқан ру-тайпалар Әбілхайыр хандығымен Қазақ хандығының өзінің ру-тайпалық құрамын қайталауда. Біз тек бастапқы зерттеулерді жүргіздік. Шамасы, егжей-тегжейлі барлау және ғылыми сараптама жүргізу қажет. Ортағасырлық автор Мұхаммед Шайбанидің жылнамашысы Фазлаллах ибн Рузбихан: «Еркінсізден, Дешттің атақты хандардың белгіленген мерзімінде дүние салған уақыты келгенде, мүрдесін міндетті түрде Сығанаққа жеткізіп, басына құмбез тәріздес ғимарат тұрғызған» – деп жазды. Ибн Рузбихан Сығанақтағы Әбілхайырдың бейіті туралы былайша суреттейді: Ұлы мәртебелі ханның, уақыттың хақаны Әбілхайыр ханның, оның дәлелдерін Алла нұрландырсын, нұрланған кесенесі мен тазалыққа бауланған зираты, Сығанақ қаласының сыртқы бетінде орналасқан, ұлы мәртебеліктің жоғары айқын ой ұстасы мейірімді атасының зиратына өте биік ғимарат тұрғызды». Бұдаң соң кесененің фантастикалық түрде суреттелуі мен автордың өлеңі жалғасады.
«Көк-кесене» деп аталатын жерде Шайбани әулетінің қорымы орналасқан, Әбілхайыр осында жерленуі мүмкін. Жергілікті өлкетанушылар М.Искаков және А.Ержанов Әбілхайырдың құлпытасы Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи мавзолейінде болған деп мәлімдейді. Құлпытастың Әбілхайырдың кіші әйелі Рабия Сұлтан Бегімнің құлпытасына ұқсас безендірілген. Рабия Сұлтан Бегім 1485 жылы қайтыс болады, сондықтан қазақ-өзбек қақтығыстың күшеюуінің салдарынан темірдің ұрпақтарының оңтүстікке кетуіне орай қиын жағдай туындағандықтан құлпытас Түркістанға жеткізілген деген пікірді жоққа шығаруға болмайды. Алыстан көрінетін, сәнделіп безендірілген көк күмбезді мавзолей Көк кесенеде қалады.

Бүркітбай АЯҒАН,
ҚР ҒБМ мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор.
17 наурыз 2019 ж. 2 483 0