№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Кәсіпшілік хақында

Кәсіпшілік хақында


ХХ ғасыр басында жергілікті халық ұсақ кәсіпшілікпен айналысқан. Тары мен күздік, жаздық бидай екті, Бау өсірді, суармалы егіншілікпен айналысты. Сырдария өзені мен тау өзендерінде елуден астам шығырлар болып егіншілік мәдениеті дамыды. Аудан өңіріндегі Бесарық, Төменарық су жүйелерін халық ерте кезден-ақ игілігіне пайдаланған.

Бұл су жүйелері жөнінде орта ғасырлық саяхатшылардың жол жазбаларында да аталады. Ежелгі Төменарық сағасынан Шиелі, Сунақата каналы қазылды. Суландырудың екінші көзі тау өзендерін пайдалану болды. Бесарық, Ақүйік, Талдысу, Түлкілі, Арыстанды, Келте Шалқая өзендерінің суын, Жаманбала, Қосүйеңкі, Құттықожа, Көлтоған, Төлес, Шұқырой тоғандарының суын пайдаланды. Басқасын айтпағанда Бесарықтың бойында 18 су диірмені, 30-дан аса керіз, оннан астам бау болған. Қазіргі таңда Ақүйік өзені бойында Сейітханның су диірмені әлі халыққа қызмет көрсетіп тұр.
20 сәуір 2018 ж. 1 347 0