ЖАҢАҚОРҒАН – ТУРИЗМ МЕН КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚОЛАЙЛЫ
2018 жылдың наурыз айынан бастап Қызылорда облысы бойынша 200 кәсіпкерлер үшін арнайы "АГРО экспресс" оқыту семинары өтеді.
Сондай ақ, семинарға қатысушыларға ауданымыздың туристік әлеуетін пайдалана отырып, Қазақстанның киелі орындар географиясына енгізілген орта ғасырлық «Сығанақ» қаласының орны, Әбдіжәлелбаб Қорасан баба кесене – мазараты, «Төлек ата – Қылышты ата» кесенесі,«Ақтас» мешіті және көршілес «Сауран» қалашығын көріп өту арқылы Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи мавзолейіне, ары қарай «Арыстанбаб» тарихи ескерткішіне бару саяхатын ұйымдастыру жоспарлануда.
Пікір 3