№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әйел "алтын адам" Шығыс Қазақстаннан табылды

Әйел "алтын адам" Шығыс Қазақстаннан табылды


 Қазақтың тарихи мұрасы тағы бір "Алтын адаммен" толысты. Қазақ археологиясының бұл жетістігі бүкіл елдің қуанышына негіз болуға тұрарлық. Бүгінгі танымдық жаңалықты Алашқа белгілі тарихшы, "Киелі Қазақстан" ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Берік Әбдіғалиұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. "Сүйінші, ағайын! Тағы да көне дәуірдің көзіндей болған құнды жәдігер! Сақ дәуіріне тән түрлі дүниені бүгінге бүтіндей жеткізген Алтай таулары маңындағы Берел қорымынан, Зейнолла Самашев бастаған экспедициялық топтың қазба жұмыстары нәтижесінде, тағы бір Алтын адам табылды", - деп жазады тарихшы.
"Киелі Қазақстан" ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісінің айтуынша, жаңадан табылған "алтын адам" әйел болуы мүмкін. Себебі қорымнан сәукеленің фрагменттері табылған. Десе де, әзірге қорымның беті ғана ашылды. Фрагметтердің шашылып жатқанына орай, қорым сол заманда тоналған. Әзірге қорым толықтай ашылмады. Бірақ Берік Әбдіғалиұлы айтқан ақпаратқа орай, қорымның астында тағы да басқа жерленген адамдар бар болуы мүмкін. Айта кетсек, Берік Әбдіғалиұлы осындай археологиялық жетістікке «Қасиетті Қазақстан» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысына іссапарға барып, куә болғанын жазады. Әзірге, жаңадан табылған "алтын адамның" қай ғасырға жататыны, оның жасы мен мәртебесі жайлы ақпарат берілген жоқ. Десе де, экспедиция жетекшісі Зейнолла Самашев ресми мәлімдеме жасау арқылы осы сынды мәліметтермен бөлісетіні анық. Тарихшының айтуынша, алтын адамды қалыпқа келтіру процесі 6 айға дейін жалғасуы мүмкін.

18 мамыр 2018 ж. 1 907 0