№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Яссауидің еш жерде жарияланбаған хикметтері табылды

Яссауидің еш жерде жарияланбаған хикметтері табылды


Оңтүстік Қазақстан облысында Қожа Ахмет Яссауидің 100-ге жуық еш жерде жарияланбаған хикметтері табылды. 

ХVІ ғасырға тән 475 беттік қолжазба сайрамдық белгілі тарихшы, Тұран ғылым академиясының академигі Мирахмад Мирхалдарұлының қолжазбалар қорында сақталыпты. Құнды қолжазба қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі Оңтүстік Қазақстан облысының жобалық кеңсесі «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында табылып отыр.
Аталған кеңсе көне тарихтан сыр шертетін ортағасырлық құнды жазба мұраларымызды зерттеуге бағытталған «Бабалар мұрасы ізімен» жобасын қолға алған болатын. Жоба аясында рухани құндылықтарды іздеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде түрлі кезеңдерде өмір сүрген ақын-жазушылар мен оларға тиесілі бірнеше қолжазба мұралар табылды. Сол құнды жәдігерлердің бірегейі  саналатын Яссауидің хикметтері бұрын қазақ тілінде жарияланбағаны дәлелденіп отыр.
Облыстық «Тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталықтың» бөлім меңгерушісі, «Рухани қазына» кіші бағдарламасының әкімшісі Хамидулла Таджиевтің сөзіне қарағанда, жаңадан табылған қолжазба шамамен ХҮІ ғасырға тиесілі және бұрын баспа бетін көрген хикметтерден айтарлықтай айырмашылықтары бар деуге болады.
Яссауидің жаңадан табылған хикметтерін қазақ тіліне аудару, баспаға дайындау Яссауитану саласындағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бүгінде құнды жазбалардың транскрипциясы мен  қазақ-түрік тілдеріне аудару жұмысы қолға алынып, аталған шараға белгілі шығыстанушы ғалым, ф.ғ.к., доцент Төрәлі Қыдыр және түркиялық әріптесі Надирхан Хасан үлес қосуда.
Жалпы ғалымдар Яссауи туралы біраз зерттеліп, көптеген еңбектер жазылғанымен, әлі күнге дейін жарыққа шықпаған дүниелері  жетерлік екенін айтады. Ақын қаламына тиесілі «Диуани хикметтің» түпнұсқасының табылмауы, одан басқа қандай туындылар жазғаны, силсиләсінің (алтын тізбегінің) қашан үзілгені секілді мәселелер өз шешімін таппай келеді. Әлем кітапханаларынан табылып, бүгінге дейін жарық көріп жатқан Ясауи хикметтерінің басым бөлігі - ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Қазан шаһарында басылған нұсқалардан дайындалған.
 Дереккөз: inform.kz
26 қаңтар 2018 ж. 1 198 0