Соңғы жаңалықтар

№56 (8870) 29

29 шілде 2025 ж.

№55 (8869) 26

26 шілде 2025 ж.

№54 (8868) 22

22 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » «АЛТЫН АДАМ» ШЕТЕЛГЕ ШЫҒАРЫЛДЫ

«АЛТЫН АДАМ» ШЕТЕЛГЕ ШЫҒАРЫЛДЫ



Қазақ жерінен табылған «Алтын адам» алғаш рет шетелге шығарылды. Енді ұлы даланың төсін кезген көшпенділердің өнері күллі жаһанға көрсетіледі, деп жазды Egemen.kz сайты Хабар 24-ке сілтеме жасап.  
«Алтын адам» әлем музейлерін аралайды» деп аталатын халықаралық жобаның алдымен ат басын бұрған өңірі Беларусь Республикасы. Бұл елдегі ұлттық көркемөнер музейінде Қазақстаннан әкелінген жауһар жәдігерлер қойылды. Мұнда 232 экспонат пен сап алтыннан жасалған 120 әшекей бар. Халықаралық жоба елдің мәдени өміріндегі басты шараға айналды. Өйткені біздің заманымызға дейінгі VII ғасырдағы, яғни темір дәуіріндегі асыл бұйымдар адамзат тарихындағы ең ежелгі жәдігерлер болып саналады.
«Бұлар - түпнұсқалар. Менің ойымша, біздің көрермендер бұл жәдігерлермен алғаш рет танысайын деп отыр. Тіпті бүкіл ТМД елдерінің ішінде бірінші десем де болады. Ал мына «Алтын адам» – көрменің басты жәдігері. Сақ алтындары 1969 жылы Алматыға жақын жерде табылды. Сақ көсемінің жерленген орнын әйгілі қазақстандық археолог Кемал Ақышев бастаған экспедиция ашты. Қолбасшының бас және үстіңгі киімінің әшекейлері сол қалпында сақталған. Бұл «Алтын адамды» жинап, құрастыруға мүмкіндік берді», – дейі Беларусь Ұлттық көркем мұражайының жетекші ғылыми қызметкері Алла Гаврилова.

28 наурыз 2018 ж. 1 212 0