Жаңақорған ауданына 90 жыл
Жаңақорған ауданы – Қызылорда облысының оңтүстік шығысында орналасқан аудан. Аудан 1928 жылы 17 қаңтарда құрылған.
Ауданның территориясы – 16,6 мың шаршы шақырым, бұл облыстың жалпы жер көлемінің 6,8 пайызын құрайды.
Аудан орталығы - Жаңақорған кенті, Қызылорда қаласынан 178 шақырым қашықтықта орналасқан. Ауданда 2 кент және 24 ауылдық округ бар, 17 ұлттың өкілдері тұрады. Аудан бойынша жалпы халық саны 82815, оның ішінде 55723 ауылдық округтерде тұрады.
Ауданның жері Қаратау бөктерінен басталатын төбешікті жазық.
Жаңақорған ауданында әйгілі емдік-шипалық қоры «Теріскен» көлінің табиғи қара балшығы мен минералды суы сүйек буын және нерв жүйелері ауруларын, сондай-ақ ішкі ағзалар ауруларын емдейтін емдік қасиеті жоғары, құрамы жөнінен Железноводскінің Смерновский суымен сәйкес минералды су болып табылатын Жаңақорған санаториясы бар.
Ерте заманда Сыр өңірінің бүкіл қазақ елінің басты қалалары болған Сығанақ, Өзгент, Баршынкент шаһарлары және Хорасан ата, Ақтас мешіті мен Айқожа әулие кесенелері осы ауданның жерінде.
Климаты – континенттік: қысы суық, жазы ыстық әрі құрғақ.
Ауданның негізгі шаруашылық саласы - егін және мал шаруашылығы. Сонымен бірге, Шалқия кен орнында қорғасын, мырыш және әртүрлі фракцияда қиыршық тастар өндіретін кәсіпорындар жұмыс істейді.
Пікір 2