» » АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМҒА НЕГІЗДЕЛДІ

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМҒА НЕГІЗДЕЛДІ


2017 жылдың қортындысымен Жаңақорған ауданы ауылшаруашылығы саласында көш бастады. Әсіресе, егін шаруашылығы жөнінен аудан рекордтық көрсеткішке жетті. Яғни, аудан облыстан чемпион атанды. Бұл – дала еңбеккерлерінің нәтижеге жету жолындағы адал еңбегінің жемісі. Әрі аудан әкімінің өнімділігі жоғары күріштің тұқымын алуды ұтқыр ұйымдастыруы себеп болды. Биыл Ресейден 611 тонна «Лидер», 139 тонна «Фаворит», 46,5 тонна «Лазур», Өзбекстаннан 86 тонна «Искандер» жаңа сортты тұқымы алынып, жалпы аумағы 9967 гектар жерге егін егілді. Нәтижесінде, қамбаға 48 мың тонна, яғни гектарынан 48,6 центнер астық жиналды. Жалпы, күріштен өтімді өнім алып, оның өндірісін ұлғайту ауданның экономикалық әлеуетінің көтерілуіне септігін тигізетін ауқымды шаруа.
Ауылшаруашылығы бөлімінің мәліметінше, аудан бойынша 187 шаруақожалық егін шаруашылығымен айналысып, қара жерден нәпақасын айырып, отбасын ризықтандырып отыр. Олардың ішінен осы жылы ең көп өнім жинаған үздік үштікті айта кетсек, ауданға инвестор ретінде қосылған «Тасболат-А» ЖШС 1800 гектардың әр гектарынан 50 центнерден, «Жаңажол АЖ» шаруақожалығы 148 гектардың әр гектарынан 79 центнерден, «Агротехнология» шаруақожалығы 74,5 гектардың әр гектарынан 65 центнерден өнім жинады.
04 қаңтар 2018 ж. 1 591 0