ТАРИХ – ҰЛТТЫҢ ЖАДЫ
Бір жыл бұрын Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяған Жаңақорғанға келіп, тарихи орындарды аралаған. Оның осы сапарында сұхбаттасып, ұлттық тарихтың жаңа қырынан танитын тұстарын пайымдаған едім.
Біріншіден, Қыпшақ ханды¬ғының (ХІ-ХІІ ғ.), Ақ Орданың (ХІІІ-ХІV ғғ.), Әбілхайыр хандығының (ХV ғ.), Қазақ хандығының (ХVІ ғ.) саяси орталығы һәм Ұлы Жібек жолының бойындағы маңызды қаланың бірінен саналған Сығанақ шаһарын зерттеп, тануды жүйелей түсу керек. Сығанақты Ұлы даланың саяси маңызды шаһары әрі рухани-мәдени орталығы ретінде қарастырған жөн. Археологиялық қазба жұмыстарынан бөлек Иран, Қытай, Түркиядағы архивтеріне мән беру керек-ақ. Көне орталықтарда Сығанақ қаласы жайлы тың жаңалықтар табатынымыз анық. Осыған мән берілсе, көне қаланы қайта қалпына келтіру жұмыстарын жаңа сатыға шығарып, ашық аспан астындағы музейге айналдыруға жол ашылады. Сонда ғана Сығанақ шаһарының ұлт дамуындағы орнын насихаттауға болады. Бұл – көне қаланың тарихи мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді.
Екіншіден, Сығанақ қаласының маңында хан-сұлтандар жерленген орындар болған. Фазлаллах ибн Рузбиханның жазуынша, Дештінің атақты хандарының мәйіті міндетті түрде Сығанаққа жерленіп, қабірінің үстіне кесене (мавзолей) тұрғызылған. Қазақ үнемі Сыр мен Сібір, Алтай мен Атырау арасында көшіп-қонып, қозғалып отырды. Жазба мәдениеті қатты дамымады. Сондықтан жазба деректердің аздығына байланысты «пантеондар мына жерде» деп нақты айта алмаймыз. 1468-69 жылы Әбілқайыр хан қайтыс болып, Көккесенеге қойылды. Бұл жөнінде дерек көп. Демек Көккесене шайбандардың көне мазараты болуы тиіс. Бұл дегеніңіз, Көккесенеге мемлекеттік деңгейде мән беріп, зерттеу жүргізу керек деген сөз. Біз үшін Түркістан қаласындағы хан-сұлтандардың жатқан жері белгілі. Хандықтың негізін қалаған хандар мен елдікті күшейткен тарихи тұлғаларды біліп ғана қоймай, олардың жатқан жерлерін біліп, ұрпаққа насихаттау маңызды.
Үшіншіден, біздің тарих отарлаушылардың тарапынан қатты бұрмаланды. Соның салдарынан ұлттың қайраткер тұлғаларын толық тани алмай отырмыз. Мәселен, Әбілқайырды Дешті Қыпшақтың соңғы билеушісі ретінде таныған дұрыс. Оны қазақ-өзбекке тең тұлға деп қараған жөн. Оны бүгінгі өзбектер де негіз қалаушы хан ретінде мойындамайды. Сонда ол кім? Осы сұрақ толғандырып, тарихи тұлға жайлы ізденіп, «Әбілқайыр Шайбан. Дешті Қыпшақтың соңғы билеушісі» атты кітап (Б.Аяған) жаздым. Кеңес идеологиясы Әбілқайыр ханды өзбек қылып көрсетті. Содан әлі арыла алмай жүрміз.
1412 жылы Әбілқайыр Сарайшық қаласының маңайында дүниеге келді. Оның атасы және әкесі Ноғай Ордасының аймағы және Ақ Ордамен шектес жерлерге иелік етті. Жастайынан соғыс өнеріне машықтанып, мемлекетті басқару ісіне үйренді, сөз өнерін меңгерді. Әкесін өлтірген соң, жетім өсті.
1428 жылы Ертіс жағалауының сол жағы мен Тобыл өзенінің құйылысындағы аумақта (Қостанай облысы) хан болады. 1430 жылы Түмен (Шыңға-төре) қаласын басқарады. Оның Сібірге хан болып баруы заңды еді. Сол кезде Сібірді Шайбанның ұрпақтары басқаратын. 1440 жылдары Түменнен оңтүстікке көш алады. Алдымен Есіл өзеніне келіп, сосын Атбасарға, Ұлытауға тоқтайды. Жошы хан мәңгілік тыныштық тапқан далада бірнеше жыл тұрақтайды. 1446 жылы тимуридтердің қолындағы Сығанаққа келеді. Қалың әскерімен Қаратаудан түскенінде шаһар басшылары оған өз еркімен беріледі.
Әбілқайырдың өмірі Қазақстанның батыс, солтүстік, орталық және оңтүстік өңірінде өтті. Бірнеше рет Үргенішті, Самарқанды, Бұқарды алады. Ол кезде бұл жерлер «Мавераннахр» деп аталатын. Тағы бір ескеретіні, Әбілқайыр мен оның ұрпақтарының тілі – қыпшақ тіліне (яғни қазақ тіліне жақын), өзбектердікі – қарлұқ тіліне жатады.
Әбілқайырдың да, қазақ хандарының да қол астында бүгінгі қазақтың ру-тайпалары болды. Мысалы, бүгінгі қазақтың ру-тайпары: қоңырат, қыпшақ, найман, қожа және т.б. айтуға болады. Тіпті кейбір рулар екіге бөлініп, екі жақты қолдады. Бірақ Әбілқайыр хан өлгеннен кейін олар Қазақ хандығына қосылды.
Өзбектің деректеріне қарасаңыз, Әбілқайыр хан Дешті Қыпшақтан келген Мавераннахрды тонаған қатігез хан ретінде көрсетеді. Өзбектер өз мемлекетін Әмір Темірден бастау алғанын айтады. Көрдіңіз бе, Әбілқайыр өзбек пен қазаққа ортақ тұлға.
Оны Дешті Қыпшақтың соңғы билеушісі, Қазақ хандығын қалыптасуына қатысы бар тұлға ретінде бағалап, дәріптеуіміз керек. Мұндай тарихи тұлға Әбілқайыр хан ғана емес. Көп…
Төртіншіден, біз тарихтан сабақ алып, соған сай келешекті бағамдауымыз тиіс. Қазақ ұлты үш ғасыр отарлық езгіден кейін ұлттық мінезден, қасиеттен айырыла бастады. Оның өзіндік себептері бар. Мәселен, бір кездері орыс болсақ коммунизмді тез құрамыз деген ұран болды. Соның жетегімен талай қазақ ұлттық рухынан, ұлттық негізінен айырылды. Екінші жағынан, отарлау саяты жоспарлы жүргізілді. 1926 жылғы санақ Қазақ АКСР-інде 6 530 528 адам болғанын көрсетті. Ал 1932 жылы – 3 227 000; 1933 жылы – 2 493 500; 1935 жылы – 2 926 000 адам қалды. Қазақ ұлты геноцидтің салдарынан жартысынан айырылды. Осы жылдары КСРО аумағында орыстардың саны – 40 миллион адамға көбейді. Мұның бәрі қазақ ұлттының ұлттық иммунитетінің төмендеуіне әкелді. Яғни «Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген» ұлт ретінде ұлттық рухты биікке қойып, халықты бәсеге қабілетті қалыптастыру жолын табуымыз керек.
Бесіншіден, рушылдық идея белең алды. Біз кезінде өзінің құрамына көптеген ұлттарды қосып, өзіне сіңіріп алған политонимді ұлт едік. Қазақ – ноғайды, түркменді, ойратты, қырғызды, арабты сіңіре алған империялық рухты халық деуге болады. Ал қазір ше? Руға сіңбеген өзге ұлттарды қабылдамаймыз, мойындамаймыз. Қазақ ұлттының болмыс-бітімін, қасиетін бойына сіңірген өзге ұлттарды бөлмеу, бауырға басу керек.
Қазақстанға ислам діні ІХ-Х ғасырда келді. Дін таратуға келген қожалар кейін Қазақ хандығын құруға да атсалысты. Төрелер хандық биліктің ажырамас бөлшегі ретінде, мемлекеттің қалыптасып, дамуына үлес қосты. Оларды неге қазаққа қосуға болмайды? Олар да қазақ ұлтының негізін қалаушы тайпаларға жатады.
Қазақ хандығы қалыптасар кезде ру-тайпалық сана әлсіреп, жалпы қазақтарға тән этникалық сана күшейді. «Қазақ жері», «қазақ мемлекеті», «қазақ елі» деген түсініктер кең өріс алды. Содан кейін политоним ұлтқа айналды. Бізге рулық, жершілдік сананы ұлттық, мемлекеттік деңгейге көтеру міндеті тұр.
ТҮЙІН. Ұлттық тарихты қайта жаңғыртуға екпін берген тарихшы Бүркітбай Аяғанның түйдек-түйдек ойлары уақыт тұрғысынан алғанда өте өзекті. Жоғарыда айтылған әрбір ойды «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында зерттеп, зерделеу біздің үлкен міндетіміз. Өйткені тарих – ұлттың жадысы.