№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бабы келіспеген Хорасан Ата көшесі

Бабы келіспеген Хорасан Ата көшесі

   Жаңақорған кентіне кіретін басты даңғылымыз Хорасан ата көшесі шұрық-тесік. Әсіресе, жаңбырлы күндері кентке келген қонақтар мен такси жүргізушілер егде тартқандар мен жас балаларды байқамаса, желкесі үзіліп жандары жаһаннамға кетулері де әбден мүмкін.

  Су толған шұқырларын былай қойғанда, жақын маңдағы үйлерге газ, су құбырларын тартқан кездегі көлденең жолақтар сол күйі қалып қойған. Ел ішінде «жатқан полицей» аталып кеткен көлденең жолақтарды қоса есептегенде, Хорасан ата көшесінің өн бойында автокөліктің қозғалысына қауіп төндіретін 36 кедергілі тұстар мен ой-шұқырлар бар екен. Соның салдарынан, қалаға кіріп шығатын мыңдаған автокөлік жүргізушілері осы жұмысты қолға алып, аяқсыз қалдырған тапсырыс беруші мекеме басшысын әке-шешесінен түгін қоймай сыбап жатса, оны танымайтындар мердігерлік кәсіпорынның кінәсінен екендігін іштері сезеді. Қалай болғанда да, пойыз рельсінің түйіспелері секілді Хорасан ата көшесінің желдей желдей желіп өтетін «дігідік-дігідік» деп өтетін тұстарын жөнге келтірмеген шекпенділерге тұрғындардың өкпесі қара қазандай. Себебі, әкім қаралар бұл көшемен жүрмей ме? Әлде, олар ұлсыз басы тұл болып қала жаздаған тоқсандағы Тоқтарбайдың «Қара қыпшақ Қобыланды» жырындағы әулие Хорасан бабамыздың басына түнеп қой атағандығын ұмытты ма? Естеріне түсірсек:
«Тоқсанға келген Тоқтарбай
Әулиеге ат айтты,
Хорасанға қой айтты.
Шыбын жанын және айтты,
Тамам малын әм айтты», – деп келетін тұстары бар. Қобыланды батырдың өмірге келуіне ықпал еткен әулие бабамыздың есімін басты даңғылға қойып, әспеттеген соң, «халықтың мұң зарын естіген бабамыздың қаһарына ұшырап қаламыз» деп те қорықпай ма?
Жаңақорған әкімі деңгейінде шұғыл шара қолданылмаса, жаман айтпай жақсы жоқ, жауын-шашынды күндері Хорасан ата көшесіндегі ой-шұқырлар адам өліміне апарып соқтыратын апатты жағдайларға жеткізуі әбден мүмкін.

Ескендір ЕРТАЙ.

02 сәуір 2019 ж. 1 054 0