№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорғандағы "жеті кереметті" білесіз бе?

Жаңақорғандағы "жеті кереметті" білесіз бе?

Ескендір Зұлқарнайын өз заманында Кіші Азия, Орта Азия, Мысыр, Үндістан аумағын басып алғаннан кейін саяхатшыларды қызықтыру мақсатында сол өңірдегі жеті керемет сәулет ескерткіштерін атаған болатын. Жалпы әр елдің өзінің көз тартар көркі мен тарихи тамыры терең, таңғажайып ескерткіштері болады. Осы тұста Жаңақорғанның «жеті кереметіне», ең алдымен тамыры тереңде жатқан Сығанақ, Көккесене, Өзгент, Хорасан ата, Қатын қамал, Жаңақорған шипажайы, Көкен батыр ескерткіштерін жатқызуға болады.
Өлкеміздің алғашқы керемет­терінің бірі – Сығанақ қаласы. Сығанақ қаласы  Қазақ хандығымен қатар, Қыпшақ, Ақ Орда, Әбілқайыр хандықтарының астанасы болды. Деректерге сүйенсек қаланың алғашқы негізі Ү ғасырда қаланды. «Ұлы Жібек жолының» бір тармағы осы қала арқылы өткені осының бір айғағы. Алғашында Сығанақ қаласы шағын бекініс, керуенсарай ретінде салынып, бірте-бірте ұлғайып, маңызды, сәулетті қалаға айналды. Қаланың атауы араб деректерінде Х ғасырдан бастап белгілі бола бастады. Сол кездегі тарихшылар Сығанақты “Қыпшақ даласының гаваны” деп атаған.ХІІІ ғасырдың басында Шыңғысхан шапқыншылығына ұшырады. XIIІ ғасырдың 2 жартысында қала қайта жандана бастады. Содан бері Сығанақ қаласы саяси, экономикалық орталықтардың біріне айналды. XVXVIII ғасырларда қала бұрынғысынша сауда және қолөнер орталығы болды. XVIIXVIII ғасырларда бірнеше рет жоңғар шапқыншылығына ұшырады. Осы шапқыншылықтар және басқа да әр түрлі себептерден қала бірте-бірте өзінің өмір сүруін тоқтатты.
Өлкеміздегі кереметтердің бірі – Көккесене. Көгілдір күмбезімен, әсемдігімен, шебер тұрғызылған кесене. Кесене Алаша хан мен Жошы хан күмбезі секілді қыштан кілем өрнегіне ұқсатып қаланған. Академик Ә. Марғұланның дерегі бойынша Баршынкент қаласын оғыз елін басқараған жеті данышпан қыздың бірі Баршынға арнап салынғандығын жазды. Сонымен қатар бұл ескерткіштің өз заманында даңқы шығып, танымал болуының басты себебі – Қоңырат руының батыры Алпамыстың жары Гүлбаршынның есімімен байланысты.
Жаңақорғанның үшінші кереметі - Өзгент қаласы. Қаланы орта ғасырда Оғыз мемлекеті салған болатын. Өзгент қаласының атауы Оғыз мемлекетімен тығыз байланысты. Яғни, «Оғыз» және «кент» деген сөзден шыққан. Демек, Оғыздардың қаласы деп аталып, кейінірек Өзгент болып аталып кетті.Өзгент қаласы Оғыз, Қарахан, Қыпшақ, Ақ Орда, Қазақ хандықтары тұсында маңызды рөл атқарды. Яғни, саяси, экономикалық маңызды орталыққа айналды.  Қала жоңғарлардың шапқыншылығына ұшырап, тарих сахнасынан біржолата жойылды.
Хорасан ата кесенесі – өңіріміздің төртінші керемет. Өз заманының ақылгөй, данышпан, емші, ислам дінін таратушы Әбдіжәлел бабтың жатқан жері. Мұнда зиярат етуге келушілер алдымен Хорасан атаның басына тоқтап, Құран бағыштайды.
Аймағымыздың бесінші кереметі – Қатын қамал үңгірі. Үңгір жайлы халық арасында тарихи оқиғалар кең таралған. Бұл қамал жау шапқыншылығына қарсы қалқан бола білді. Жоңғар шапқыншылығы кезінде әйелдер мен балаларды үңгірге жасырған болатын. Қазақ жауынгерлері жеңіліске ұшыраған соң жоңғарлар үңгірді тауып алып, түгелдей адамдарды қырып тастаған. Содан бері бұл үңгірді «Қатын қамал» деп атай бастаған. Қатынқамал үңгірі талай тылсым сырды ішіне бүгіп жатқан құпиялы, ғажайып мекен.Әлем халқын таң қалдыратын орындар қатарына қосуға болады.
Алтыншы ғажайып – Жаңақорған шипажайы. ХХ ғасырда Орынбор-Ташкент теміржол жұмысшылары  шілдеде адамдардың көлдің батпағына емделіп жатқанын көреді. Осы әңгіме Ақмешіт қаласының дәрігерлеріне де жетеді. Сөйтіп, 1918 жылы аурухананың фельдшері Ф.Мартюков көлдің батпағын емдік бағытта пайдалану үшін екі бөлмелі үй салып, ем-домды бастайды. Содан бері «Жаңақорған» шипажайы жұмыс жасай бастады.Бүгінде Жаңақорған жеті кереметтерінің бірі – шипажай ауданның брендіне айналып, жер-жаһанға әйгілі бола бастады.
Өңіріміздің жетінші кереметі Көкен батыр ескерткіші.  Көкен батырХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ Сыр бойындағы Бұхар, Қоқан хандықтарының шапқыншылығына қарсы қол бастаған батырлардың бірі. Көкен батыр ескерткіші 2014 жылы салынды.Бұл ескерткіштің биіктігі 5.80 м, ені – жанынан – 3.5 м, алдынан ені – 1.80м. Жаңақорғанның кіре берісінде орналасқан ескерткіш өлкемізге ерекше көрік беріп тұр.
Қорыта айтқанда, Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасында «Қазақстанның киелі географиясы»  жобасында еліміздегі қасиетті орындарды және қастерлі жерлерді сақтау, туризм индустриясын дамыту керектігін айтқан болатын. Яғни, туризмді дамыту қазіргі кезде кез келген өркениетті мемлекеттің басты міндеттерінің бірі.
Қуандық  ҮСЕНБЕКОВ,
№110 мектеп-лицей мұғалімі,
Тарих магистрі
01 ақпан 2020 ж. 2 286 0