№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

КӨККЕСЕНЕ


Сыр бойындағы аса маңызды тарихи және мәдени ескерткіштердің бірі – Көккесене. Оның орны Төменарық темір жол стансасының солтүстігінен бес шақырымдай жерде, Қазіргі Қожамберді ауылында. Академик Әлкей Марғұлан: «Оғыз елінің атақты бір қаласы – Баршыкент» деп жазды.

Баршыкенттің тағы бір қызық тарихы ол қаланы оғыз елі басқарған данышпан қыздың бірі Баршын сұлуға арнап салынғандығы. Қазақтар ол қаланы бергі кезге дейін «қыз қала» деп атап келген. Демек қызға арнап салынды дегенді меңзейді. Сонымен бірге академик бұл қаланың атақты болуының бір себебі, Алпамыс батырдың жұбайы Гүлбаршын сұлудың Баршын сөзімен байланыстылығында. Ал Көккесене күмбезі тарихи деректергемқарағанда, осы Баршын сұлудың кесенесі екендігін көрсетеді.
Көккесене – оғыз-қыпшақ заманындағы Сырдария жағасына тұрғызылған сәулетті күмбез. Көккесене Қармыш байдың қызы Мамышбектің (Алпамыстың) жұбайы – Баршын сұлудың қабіріне Хорезмшах заманында сәулет өнері үлгісімен салынған, ерекше өрнектелген. Қабырғаларын Алаш хан күмбезі секілді қыштан кілем өрнегі үлгісіне ұқсатып қалаған. Бұл – тамаша ескерткіш түгел дерлік бұзылған. Көккесенеге таяу жерде Баршын сұлудың әкімшілік құрған астанасы болған көрінеді. Баршынкенттің қираған орны да бар. Баршын сұлу қайтыс болғанда осы кесенеге жерленген екен.
«Өткен әзиз әулиелер» кітабынан.
16 наурыз 2018 ж. 2 938 0