№35 (8746) 4

04 мамыр 2024 ж.

№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » АТОМШЫЛАР ДОП БӘСЕКЕСІНДЕ

АТОМШЫЛАР ДОП БӘСЕКЕСІНДЕ


Атом саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесі қарсаңында «ҚазАтомПром» Ұлттық атом өнеркәсібіне қарасты аймақтағы компаниялар жасыл алаңда бас қосып, шағын футболдан үздік команданы өз-ара анықтады.
«Қызылқұм-1», «Қызылқұм-2», «Бай­кен-U», «Ру-6», «СКЗ-У», және «РТК» командасы екі топқа бөлініп, жүлде жолында тартысып көрді. Жарыс шымылдығын ашқан «Қызылқұм-1» және «СКЗ-У» командалары алғашқы жеңіске жету үшін жанталасып бақты. Нәтижесінде 3:0 есебімен басым түсті. Одан кейін екінші топтағы алғашқы ойында «Байкен-U» командасы алаң иелерінің екінші командасымен жолықты. Алма-кезек шабуылдармен басталған ойын соңында қонақтар екі доп соғып жеңісті иеленді.
Осылай жалғасқан әрбір ойын жарыс көркін қыздырды. Шиеліден келген қос ұжым да өз тобынан шығуға барын салды. Ал, тілшілер қауымы байкенжелік жастарды және алаң егелерін ірі есеппен ұтып, үшінші кездесуінде көрші мекемеге жол беріп қойды. Ал, көрші ауданнан келген «РУ-6» өз тобынан екінші орынмен шығып үшінші орын үшін таласта қарсыластарынан басым түсті. Ақтық сында қызылқұмдықтар «Байкен-U»-ды 4:0 есебі ұтып, кубок алаң қожайындарында қалды.
– Әрине, жарыс өте тартысты өтті. Көңіліміз толды. Көрші ауданнан келіп жеңіс тұғырынан көріну үлкен абырой еді. Дегенмен, сәттілік серік болмады. Жарыс ұйымдастырушыларына үлкен алғыс білдіреміз. Осындай турнирлер дәстүрге айналса, – деді Алмат Мұқанов.
Иә, тек спорттық бәсекелерге ғана емес, ауданда өтетін қайырымдылық шараларға ұйытқы болып, демеушілік көрсетіп жүретін «Қызылқұм» ЖШС мекемесіне жаңақорғандық тұрғындар дән разы. Қайырымдылық акцияларынан құр қалмайтын мекеме тынысын енді спорттық қырынан тағы бір таныдық.
– Бұйыртса осындай жарыстарды жиі ұйымдастырып тұрамыз. Бұл тек жарыс емес, өсіп келе жатқан жастарға өнеге болсын деген ниет, әрі олардың бойындағы жігерін жанып, келешегіне сеніммен қарауларына сеп болу. Мүмкіндік болса келер жылы бұдан да үлкен етіп өткізу ойда бар. Әрине, биылғы жарыстың жоғары деңгейде өтуіне мұрындық болған Әл-Фараби Өмірғалиұлына алғыс білдіремін, – деді қызылқұмдық команданың капитаны Ерлік Тұртанов.
Жарыс жеңімпазы мен жүлдегерлерін ойын соңында мекеме директоры Нұргелді Әбжаппаров құттықтап, сыйлықтарын табыс етті. Әрі, ұжымда абыройлы еңбек етіп жүрген қызметкерлерге мереке қарсаңында марапат ұсынды.
– Алдымен, баршаңызды атом саласының қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бүгінгі шараның биік деңгейде өтуіне ат салысып жатқандарыңызға алғыс білдіремін. Жалпы, Мемлекет басшысының Жолдауында және «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы басымдықтарды жүзеге асыру мақсатында өткізілетін шаралар көп. Соның бірі – бүгінгі турнир. Бүгінде компания қайырымдылық шараларына жиі қатысуда, – деді «Қызылқұм» ЖШС-нің Бас директоры Әл-Фараби Кенжебеков.

Әли ТЕМІРБЕК.
29 қыркүйек 2018 ж. 25 476 903

Lesliedob от 18 сәуір 2024 21:27
1xbet casino промокод - xbet промокод на день рождения, промокод 1хбет фриспины

HarveyExaps от 20 сәуір 2024 23:27
оземпик препарат +для похудения - саксенда инструкция +по применению отзывы аналоги, tirzepatide

RobertTibia от 21 сәуір 2024 01:15
душнила +это сленг - быстро новый год подарки, худи +с принтом озон