№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ҚАЙСАР ҚАРҚЫНЫН ЖОҒАЛТТЫ

ҚАЙСАР ҚАРҚЫНЫН ЖОҒАЛТТЫ

Қызылордалық «Қайсар» ел біріншілігінің алғашқы турында «Ақтөбені» қабылдап, жеңіліп қалды.  «Қайсарға» қарсы «Ақтөбенің» екінші емес, үшінші құрамы ойнаған болатын.
Бірақ «қасқырлар» қарсыластарына азуын батыра алмады. Көптеген мамандар бұл ойында алаң иелері сенімді жеңіске жетеді деп болжаған. Алайда үзіліске дейін есеп ашылған жоқ.
75-минутта қонақтардың шабуылшысы Абат Айымбетов «Қайсардың» үш қорғаушыдан сытылып өтіп, айып алаңына кірген. Сол тұста алаң иелері ойын тәртібін бұзып, төреші пенальти белгіледі. Нүктеге келген Асыланбек Кәкімов мүлт кеткен жоқ. Бұл матчтағы жалғыз гол болатын. 0:1 – «Ақтөбе» жастары сырт алаңда маңызды үш ұпайға қол жеткізді.
11 наурыз 2018 ж. 1 416 0