» » АТОМШЫЛАР ДОП БӘСЕКЕСІНДЕ

АТОМШЫЛАР ДОП БӘСЕКЕСІНДЕ


Атом саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесі қарсаңында «ҚазАтомПром» Ұлттық атом өнеркәсібіне қарасты аймақтағы компаниялар жасыл алаңда бас қосып, шағын футболдан үздік команданы өз-ара анықтады.
«Қызылқұм-1», «Қызылқұм-2», «Бай­кен-U», «Ру-6», «СКЗ-У», және «РТК» командасы екі топқа бөлініп, жүлде жолында тартысып көрді. Жарыс шымылдығын ашқан «Қызылқұм-1» және «СКЗ-У» командалары алғашқы жеңіске жету үшін жанталасып бақты. Нәтижесінде 3:0 есебімен басым түсті. Одан кейін екінші топтағы алғашқы ойында «Байкен-U» командасы алаң иелерінің екінші командасымен жолықты. Алма-кезек шабуылдармен басталған ойын соңында қонақтар екі доп соғып жеңісті иеленді.
Осылай жалғасқан әрбір ойын жарыс көркін қыздырды. Шиеліден келген қос ұжым да өз тобынан шығуға барын салды. Ал, тілшілер қауымы байкенжелік жастарды және алаң егелерін ірі есеппен ұтып, үшінші кездесуінде көрші мекемеге жол беріп қойды. Ал, көрші ауданнан келген «РУ-6» өз тобынан екінші орынмен шығып үшінші орын үшін таласта қарсыластарынан басым түсті. Ақтық сында қызылқұмдықтар «Байкен-U»-ды 4:0 есебі ұтып, кубок алаң қожайындарында қалды.
– Әрине, жарыс өте тартысты өтті. Көңіліміз толды. Көрші ауданнан келіп жеңіс тұғырынан көріну үлкен абырой еді. Дегенмен, сәттілік серік болмады. Жарыс ұйымдастырушыларына үлкен алғыс білдіреміз. Осындай турнирлер дәстүрге айналса, – деді Алмат Мұқанов.
Иә, тек спорттық бәсекелерге ғана емес, ауданда өтетін қайырымдылық шараларға ұйытқы болып, демеушілік көрсетіп жүретін «Қызылқұм» ЖШС мекемесіне жаңақорғандық тұрғындар дән разы. Қайырымдылық акцияларынан құр қалмайтын мекеме тынысын енді спорттық қырынан тағы бір таныдық.
– Бұйыртса осындай жарыстарды жиі ұйымдастырып тұрамыз. Бұл тек жарыс емес, өсіп келе жатқан жастарға өнеге болсын деген ниет, әрі олардың бойындағы жігерін жанып, келешегіне сеніммен қарауларына сеп болу. Мүмкіндік болса келер жылы бұдан да үлкен етіп өткізу ойда бар. Әрине, биылғы жарыстың жоғары деңгейде өтуіне мұрындық болған Әл-Фараби Өмірғалиұлына алғыс білдіремін, – деді қызылқұмдық команданың капитаны Ерлік Тұртанов.
Жарыс жеңімпазы мен жүлдегерлерін ойын соңында мекеме директоры Нұргелді Әбжаппаров құттықтап, сыйлықтарын табыс етті. Әрі, ұжымда абыройлы еңбек етіп жүрген қызметкерлерге мереке қарсаңында марапат ұсынды.
– Алдымен, баршаңызды атом саласының қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бүгінгі шараның биік деңгейде өтуіне ат салысып жатқандарыңызға алғыс білдіремін. Жалпы, Мемлекет басшысының Жолдауында және «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы басымдықтарды жүзеге асыру мақсатында өткізілетін шаралар көп. Соның бірі – бүгінгі турнир. Бүгінде компания қайырымдылық шараларына жиі қатысуда, – деді «Қызылқұм» ЖШС-нің Бас директоры Әл-Фараби Кенжебеков.

Әли ТЕМІРБЕК.
29 қыркүйек 2018 ж. 25 491 903

canadian prescriptions от 13 тамыз 2022 13:23

best canadian pharmacy от 14 тамыз 2022 02:19

canadian online pharmacy от 14 тамыз 2022 16:00

rx canada от 14 тамыз 2022 17:47

canada rx pharmacy от 15 тамыз 2022 11:11

medications canada от 24 тамыз 2022 20:14

WalterRig от 14 қыркүйек 2022 15:47
https://t.me/casino_mirror/27?embed=1&mode=tme

reliable online pharmacy от 16 қыркүйек 2022 05:52

best rated canadian pharmacy от 20 қыркүйек 2022 04:22

canadian prescriptions от 24 қыркүйек 2022 14:03

drug stores canada от 25 қыркүйек 2022 00:26

cheap medications от 25 қыркүйек 2022 16:44

rx online no prior prescription от 28 қыркүйек 2022 23:28

canadian pharmacy antibiotics от 29 қыркүйек 2022 11:58

canadian wholesale pharmacy от 14 қазан 2022 11:56