№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жастардың 90 жылдыққа тартуы

Жастардың 90 жылдыққа тартуы


Жақында төменарықтық жастар игілікті іске ұйытқы болды. Атап айтқанда, Жаңақорғанның 90 жылдығына орай шағын футболдан аймақтық жарыс ұйымдастырды. Онда «Сығанақ» командасының өнер көрсетуінен-ақ турнирдің деңгейін бағамдауға болатындай.
Жалпы, Қожакент, Түгіскен, Жаңарық, Жайылма, Сүттіқұдық, Екпінді, Шалқия, Қожамберді, «Алтынсарай» (Жаңақорған), Еңбекші (Шиелі ауданы), Төменарық өзара мықты команданы анықтады.
Команданың ауызбіршілігі мен жеңіске деген жігері сынға түскен додада алаң иелері жанкүйерлерінің көзінше табысты өнер көрсетуге тырысты. Алдымен Жайылманы 4:1 есебімен ұтты. Бірақ, Шалқияға 2:3 есебімен жол берді. Одан кейін Түгіскенді ұтты. Ал, жартылай финалда Шиеліден келген командаға жол бергенімен, үшінші орынды алып қалды.
Облыстағы үздік команданың бірі «Сығанақ» командасы «Алтынсарай», «Төменарық жастарын» ұтып, ақтық сынға шықты. Финалда еңбекшілік жігіттерді 7:1 есебімен ойсырата ұтты.
Турнирдің ашылу салтанатында Болат Әбен, Мейір Кенжебеков сөз алып, спортшыларға сәттілік тіледі. Әрі Төменарықтың 1996 жылғы жастары көпге үлгі екенін айтты. Яғни, жарысты өткізуді өз мойындарына алып, жер-жерден командалар шақырып, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып отыр.
Турнирден кейін ас беріліп, Құран оқылды. Ал, Абай Айтжан, Данияр Акбаров, Ақтілек Тілеуханов, Ақылжан Әбенов, Еламан Құдияров, Жандос Базарбеков және Мырзабек Жиенбаевтан құралған «Төменарық» командасы жүлдеден түскен қаржыны мешітке садақа ретінде берді.
– Жаңақорған ауданының 90 жылдығына үлес қосу мақсатында турнир өткіздік. Әрі жастарға үлгі болсын деп жүлде қорын мешітке тарту еттік. Әрине, біз мұнымен мақтанбаймыз. Тек жастарды қайырымды істерге шақырғымыз келді, – деді жарысты ұйымдастырушының бірі Абай Айтжанұлы.

Өмірбек БЕКТЕМІР.
29 қыркүйек 2018 ж. 1 167 0